ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық Абай оқуларында қала оқушыларының жетістіктері
12-03-2020 12:43
Облыстық Абай оқуларында қала оқушыларының жетістіктері

2020 жылы 11  наурызда дарынды балаларға арналған көпбейіндік лицей-интернатында «Абай оқулары» көркемдік оқуының  облыстық байқауында қалалық  оқулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 10 оқушысы қатысты. 

Байқау қорытындысы бойынша 3 қатысушы жүлделі орындарға ие болды.Олар І, ІІ, ІІІ дәрежелі  дипломдармен марапатталды.  

«Көңілім әнді ұғады» номинациясында ән мен күй орындаушылар байқауында І орынға оқудың қалалық кезеңінің жеңімпазы № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Мажитова Аделия ие болды

 Ол домбырада «Өзгеге көңілім тоярсың» Абай шығармасын орындады және халық өлеңінің мазмұнын тереңінен жеткізе алды. Аделия байқаудың  республикалық  кезеңіне  қатысады.

«Өлең- сөздің патшасы сөз сарасы» номинациясында II орынға, Б.Момышұлы атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Дауанов Бақберген ие болды. Ол «Масығұт», «Ескендір» поэмасын жатқа мәнерлеп оқып өз шеберлігін көрсетті және қазақ батырларының құдыреті мен жігерін жеткізе алды. 2015 жылы  ХVI облыстық оқуларда  ІІІ орын алды, қазіргі уақытта ол Абайдың  50 аса шығармасын жатқа біледі.

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында ІІІ орынға № 38 ЖОН 6 сынып оқушысы Герстенлауэр София ие болды. Бұл бағытта ол «Ескендір» поэмасын орындады және жоғарғы дайындығын көрсетті. София Абайдың 40 аса шығармасын жатқа біледі «Мың бала» қалалық оқулардың жеңімпазы (2019 жыл).