ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тобольск қаласында өткен халықаралық шығармашылық байқаудың лауреаттары
12-03-2020 16:03
Тобольск қаласында өткен халықаралық шығармашылық байқаудың лауреаттары

       «Рождественские истории 2020» халықаралық балалар көркем шығармашылығы конкурсына қатысу үшін Ресей, Тобольск қаласына 2019 жылдың желтоқсанында Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 40 оқушысы өз суреттерін жіберді.

         Байқаудың қорытындысы бойынша 2000 қатысушы арасында қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ дәрежелі 193 лауреатты және номинациялар мен жас категориялары бойынша 506 дипломантты анықтады, соның ішінде 24 павлодарлық оқушы лауреат және дипломант атанды. Олар I, II, III дәрежелі дипломмен, конкурс медалімен марапатталды. Қазылар алқасының төрағасы Ресейдің халық суретшісі, Тюмень мемлекеттік университетінің профессоры, Орал федералды округі бойынша «Ресей СХ» хатшысы, Тюмень қаласының «Ресей СХ» басқарма төрағасы Новик Александр Сергеевич болды.

     «Сюжеттік-тақырыптық композиция» номинациясында I дәрежелі лауреатты «В новогоднем лесу» суреті үшін 6 жастағы Карпенко Милана, (педагогі Масленникова Инна), «Рождество в лесу» суреті үшін III дәрежелі лауреатты - 11 жастағы Каирова Азиза (педагогі Решетова Наталия) алды. «Сиқырлы қыс» суреті үшін 9 жастағы Карпенко Кристина (Кузнецова Лариса), «Серуендеу» суреті үшін - 6 жастағы Москаль Дарья (Масленникова Инна), «Балалар қуанышы» суреті үшін - 7 жастағы Нурпеисова Руслана (Илларионова Лариса) дипломант атанды.

       «Град Вдохновенный» номинациясында І дәрежелі лауреатты «Тишина» суреті үшін 7 жастағы Белгибаева Амина, «Рождественская елка» суреті үшін 9 жастағы Пономарева Ангелина (педагогі Масленникова Инна), «Успенский собор» суреті үшін II дәрежелі лауреатты - 7 жастағы Кравчук Василиса (Илларионова Лариса), «Ұлы Устюг бойынша экскурсия» суреті үшін III дәрежелі лауреатты - 11 жастағы Подгорецкая Ева (Илларионова Лариса), «Рождество періштесі» суреті үшін - 10 жастағы Михайлова Анастасия (Решетова Наталия) иеленді.

    «Сәндік-қолданбалы композиция» номинациясы бойынша «Праздник к нам приходит» суреті үшін 7 жастағы Бейсенова Адина, «Мой снежный друг» суреті үшін 6 жастағы Белокрылова Милана, «Рождественский натюрморт» суреті үшін 9 жастағы Фишбах Виктория, «В сказочном лесу» суреті үшін 7 жастағы Вассерберг Елизавета (педагогі Илларионова Лариса) дипломант атанды.

   Оқушылардың гуашь, акварель, аралас, фломастерлер техникасында орындалған жұмыстары конкурстың тақырыбын ашып, рождестволық ертегі атмосферасын береді.