Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар қызғалдақ өсірді
26-03-2020 09:24
Оқушылар қызғалдақ өсірді

Павлодар қаласының № 37 ЖОМ жылыжайында биология мұғалімі Сұлтанғазина Ғалия Бекенқызының бастамасымен қызғалдақ өсірумен айналысты. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 250 дана қызғалдақ отырғызылды және өсірілді, олардың 200 данасы зейнеткерлерге, қала педагогтарына, 50-ге жуық мектепте жұмыс істейтін нәзік жандыларға берілді. Биология пәні мұғалімдері Сұлтанғазина Ғалия Бекенқызы мен Секенова Балжан Балкенқызы, сонымен қатар өсімдік флорасын тереңдете зерттеу бойынша жұмыс істейтін 7 - 9 сынып оқушылары Ахметова Шолпан, Смағұлова Аяжан, Серимбаева Алиша, Тоқтасын Нұрхан, Отарбеков Мадиярмен үлкен жұмыс атқарылды. Осы оқу жылында 9 сынып оқушысы Ахметова Шолпан қызғалдақтарды өсіру кезінде пайдаланылатын топырақтардың ерекшеліктері мен іріктелуі туралы «Әртүрлі субстратта қызғалдақ өсіру» атты ғылыми жобасын қорғады және қалалық байқауда І орын, облыстық байқауда ІІ орын иеленді.

Мектеп директоры Жүсіпова Ляйла Бажевқызының айтуынша, жылыжай кешенінде мектеп оқушылары агрономиялық негіздердің теориясын үйлестіріп, гүл дақылдарын өсіріп, кәсіби дағдыларды игеруде. Қызғалдақ өсіру кезінде оқушылар оларды отырғызу үшін сапалы, терең өңделген бау-бақша топырағының болуы маңызды екенін, топырақ құрамына қажетті минералдық және органикалық заттар мен тыңайтқыштарды, жарықтану дәрежесін, топырақтың ылғалдылығын, себу мерзімдерін, әлсіз сабақтардың пайда болу себептерін зерделегенін анықтады. Жоба үдерісі және нәтижесімен оқушылар қанағаттанды және олар одан әрі қызғалдақ өсіру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Павлодар қаласының № 5 ЖОМ-да бөлме жағдайында қызғалдақ өсіру бойынша «Қызғалдақ - бақыт гүлі» жобасы жүзеге асырылуда. Жұмыс қазан айында басталды. Балалар арнайы әдебиетті оқып, желтоқсан айында қызғалдақтар отырғызылды. Содан кейін 3 - 6 сынып оқушылары ата-аналар мен оқушылар арасында мастер-класс өткізді. Наурыз айының басында мүдделі және шығармашылық жұмысы үшін марапат ретінде түрлі-түсті қызғалдақ егілді. «Қызғалдақ - бақыт гүлі» жобасымен жұмыс жалғастырылады, келесі оқу жылында оларды мектеп жанындағы учаскеде өсіру жоспарлануда.