ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтықтан өтетін семинар-практикум
27-03-2020 11:30
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтықтан өтетін семинар-практикум

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 26 наурызда «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің табысты педагогикалық тәжірибесін диссеминациялау» атты қашықтықтан семинар-практикумды өткізді. Мақсаты - жұмыс тәжірибесімен алмасу, педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Қашықтықтан өтетін семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 60-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайргазина Шолпан Шаханқызы «Әр түрлі компьютерлік құралдар мен логикалық есептерді қолдану кезінде функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады, қала педагогтарының педагогикалық тәжірибені қорыту және тарату туралы жұмысының талдауын ұсынды. М. Әуезов атындағы ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Безрукова Юлия Алексеевна өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау бойынша бөлісті. Ол «Элективті курс сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру. Логика элементтерімен компьютерлік сауаттылық негіздері» атты өзінің жобасымен таныстырды. «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты республикалық конкурста ІІ орынға ие болды. «Компьютерлік сауаттылық негіздері логика элементтерімен» атты элективті курсының авторлық бағдарламасымен, жұмыс оқу дәптерінде easy Quizzy бағдарламасында формативті бағалау үшін тестермен, learningapps цифрлық білім беру платформасында тапсырмалармен таныстырды.

Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар жаңартылған білім беру мазмұны аясында тәжірибені жинақтау үшін өзекті тақырыптарды таңдау бойынша тапсырмаларды орындады, «Педагогикалық тәжірибені жинақтау» SWOT кестесін құрады. Семинар материалдары мен оқу құралдары қалалық мектептерге жіберілді.