ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Пәндік-тілдік интегралды оқыту
30-03-2020 10:46
Пәндік-тілдік интегралды оқыту

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2020 жылғы 27 наурызда «Үш тілді білім беруді енгізуге жауап ретінде пәндік-тілдік интегралды оқыту (CLIL): мұғалімдердің пікірі, тәжірибесі, шақырулары мен пікірлері» атты ІІ сырттай қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. «Таратуға лайықты идеялар» бағытындағы конференцияның мақсаты жаңа идеяларды, озық тәжірибелерді стандартты емес түрде танымал ету, жұмыс тәжірибесімен алмасу, үш тілде білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Конференцияға қаланың 16 жалпы білім беретін мектептерінен 33 мұғалім қатысты.

«Көптілді тұлғаны оқыту, тәрбиелеу-уақыт талабы, үш тілде оқытудың тиімді жолдары» бағытында мұғалімдер «Үш тілді оқыту бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәндерін және ЖМБ пәндерін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері», «Критериалды бағалау жүйесі аясында оқушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін бағалау және сыныптан тыс іс-шаралар, элективті курстар, арнайы курстар арқылы үш тілді оқытуды қолдау» мәселелері бойынша баяндамалар жасады. Ағылшын тілін қазақ, ағылшын тілі, тарих және география пәндерінің мұғалімдері де ішінара енгізетін үш тілді білім беруді енгізу мәселесінде физика, химия, биология, информатика мұғалімдері өздерінің пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісті.

Баяндамаларды, мақалаларды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері тиісті өлшемдер бойынша қарастырды.

I дәрежелі дипломмен Б. Н. Әлімжан № 25 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі, А. Ю. Лукманова № 11 орта мектептің биология және ағылшын тілі мұғалімі, А. В. Скляренко № 29 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі, В. В. Бедринец, З. Б. Наскенова № 34 орта мектептің биология пәнінің мұғалімдері марапатталды.

II дәрежелі дипломмен М. Т. Касымгожина № 25 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі, № 26 орта мектептің Г. Н. Викулова химия пәнінің мұғалімі және Т. М. Ряжко ағылшын тілі мұғалімдері, Н. В. Твардовская № 29 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі, Е. Н. Москаленко № 34 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен Р. Н. Ахметова К.Бекхожин атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі, № 39 орта мектептің М. Х. Тулкибаева, А. А. Увалиев тарихпен география пәнінің мұғалімдері, А.К. Сарсекеева М.Әуезов атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі марапатталды.

Бұл мұғалімдер өздерінің жұмыстарын қалалық, облыстық тамыз педагогикалық оқуларына ұсынады. Баяндамалар II қалалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағында жарияланады және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында орналастырылады.