ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Акробатика бойынша оқушылар біріншілігі
31-03-2020 09:12
Акробатика бойынша оқушылар біріншілігі

Спорттық акробатика бойынша XV халықаралық турнирде Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Сандыбаева Аружан кіші жастағы топтар арасында 12 - 18 жас аралығындағы бағдарлама бойынша топ құрамында І орынды иеленді. Жарыс 2020 жылдың 2 - 7 наурызында Беларусь еліндегі Могилев қаласында өтті.

Аружан акробатикамен 9 жастан бастап № 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде айналысады. Жаттықтырушылары Воробьева Маргарита Александровна, Коваленко Татьяна Михайловна, Коваленко Виталий Юрьевич, Пилипенко Жанна Батырбайқызы. Осы кезеңде ол Новосібір қаласында (2016, 2017, 2018 жылдар), Петропавл, Павлодар, Омбы қалаларында (2019 жыл), Петропавл қаласында өткен (2020 жыл) 8 халықаралық жарыстарға қатысты. Ол 19 алтын, 6 күміс, 8 қола медаль иегері. Ол спорттық акробатика бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері. Аружан мектепте жақсы оқиды, мектеп өміріне белсене қатысады. Бос уақытында көркем әдебиет оқумен айналысады.