ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың сараланған сабақтарын жоспарлау
01-04-2020 09:10
Оқушылардың сараланған сабақтарын жоспарлау

      2020 жылғы 30 наурызда онлайн режимінде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен «Сабақты тиімді жоспарлау: дифференциалды оқыту» атты семинар-практикум өткізілді. Мақсаты - сабақты тиімді жоспарлау бойынша тәжірибе алмасу, педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Қашықтықтан өткен семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 30-дан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

     Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қайырғазина Шолпан Шаханқызы оқытудағы дифференциация, оқытуда жеке көзқарасты ескере отырып, жұмыс түрлерін анықтау мәселелеріне тоқталып, қала педагогтарының педагогикалық жұмыс тәжірибесіне талдау жасады. №17 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып жаттықтырушысы Жазкей Сайрагүл сабақты жоспарлау туралы айтып берді. Қашықтықтан өткізілген семинар қатысушыларына онлайн режимінде «Өмір жолдарыңызда сәттілік, табысжәне күш-қуат тілеймін» атты жаттығу түрінде тренинг өткізді.Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар саралап оқытудың қағидалары мен тәсілдерін қолдана отырып, SMART технология негізінде қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу бойынша тапсырмаларды орындады. Семинар материалдары мен оқу құралдары қалалық мектептерге жіберілді.