ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ZOOM сервисін қолдану арқылы қашықтықтан оқыту
01-04-2020 17:34
ZOOM сервисін қолдану арқылы қашықтықтан оқыту

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті республикалық педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесе отырып, 2020 жылдың 27 наурызында «ПроЛС» клубының (жас маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуы) ашық отырысын өткізді. Мақсаты - критериалды бағалауды өткізуге, оқушыларды формативті бағалау дағдыларын және қашықтықтан оқыту режимінде заманауи сабақты жоспарлау әдістемесін алуға көмек көрсету. Павлодар қаласының 39 мектебінің 100-ден астам жас педагогтары, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты.

    ZOOM бағдарламасын пайдалана отырып, дистанциялық режимде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметова, педагогикалық шеберлік орталығының ағаменеджері, Buroakzent Бүкіл ресейлік халықаралық тренерлер сайысының «Тәжірибелі жаттықтырушы - 2019» номинациясы бойынша жеңімпазы Юлия Геннадьевна Мельникова, № 14 ЖОМ педагог-психологтары, пән мұғалімдері жас мамандарды қашықтықтан оқытуға және «Нәтижеге бағытталған заманауи сабақты құру әдістемесі. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» тақырыбын үйретті. Жас мамандардың онлайн конференциясы хостинг және жоғары айқындылық форматында бейне конференцияларды жазуға арналған ZOOM сервисін пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту құралдарын сынақтан өткізді. Іс-шара барысында оқу материалын түсіндіру, кері байланысты жүзеге асыру, рефлексивті тәжірибе үшін интернет платформалар қарастырылды және қолданылды. Сабаққа қатысушылар сабақты қашықтықтан өткізу бойынша нұсқаулық, «Балапан», «Ел арна» каналдарында, видеохостинг жүйелері мен білім беру интернет ресурстары, Kundelik.kz электронды журнал арқылы трансляцияланған бейне сабақтар туралы ақпарат алды. Онлайн режимде алгоритм және конференция құру және балаларды ZOOM-де сабаққа шақыру сияқты қадамдық оқыту пысықталды, easyQuizzyбағдарламасында формативті бағалау үшін тестілеуді, LearningApps цифрлық білім беру платформасында тапсырмаларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту кезінде бағалау жүйесінде тәжірибе өткізілді.

    Семинар материалдарының электронды банкі, психологтардың ұсыныстарымен, презентацияларымен және оқу құралдарымен құрылған, конференцияның бейнежазбасы электрондық дайджесте қатысушыларға таратылды.