ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бесінші сынып оқушысының волейболдағы жетістігі
02-04-2020 09:14
Бесінші сынып оқушысының волейболдағы жетістігі

      2020 жылдың 4 - 7 наурызында Өскемен қаласында өткен Абайдың 175 жылдығына және ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шнабель Бруно Вильгельмовичті еске алуға арналған 2005 - 2006, 2007 - 2008 жылдары туған қыздар арасында волейболдан ашық республикалық турнирде павлодарлық қыздар командасы II орынға ие болды.

     Павлодар қаласы № 2 ЖОМ-ның 5 сынып оқушысы Акимова Салтанат облыстық «Иртыш КазХром» командасының құрамына кіреді. Мектепте волейбол секциясына 3-сыныптан бастап бара бастады. «Ертіс Қазхром» командасының құрамына 2018 жылы кірді. Қазіргі уақытта № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы Белова Ирина Сергеевнаның жетекшілігімен жаттығады. Командада ойыншы ретінде ойнайды. 2019 жылдан бастап облыстық және қалалық жарыстарға қатысады. Салтанат мектепте жақсы оқиды, ағылшын тілін үйренеді. Ол мектеп командасының құрамына кіреді. Осы оқу жылында қыркүйек айында «Жастар спортфэст» жобасы бойынша облыстық жарыста қыздар командасы II орынға, 49-шы қалалық оқушылар спартакиадасында I орынға ие болды, дайындаған дене шынықтыру мұғалімі Айтжанов Серік Болатұлы. Мектепте волейбол секциясына 5 - 10 сыныптардан 44 оқушы қатысады.