ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас музыкантшылардың қашықтық конкурсы
03-04-2020 09:36
Жас музыкантшылардың қашықтық конкурсы

    Павлодар қаласының Балалар музыка мектебі 2020 жылғы 30 - 31 наурыз аралығында вокалшылар мен музыкалық аспаптарда орындаушылардың қашықтық конкурсын өткізді. Интернет-конкурсқа мектептің 194 оқушысы қатысты. Конкурс мақсаты талантты орындаушыларды қолдау, кәсіби дайындықты арттыру, интернет-сауаттылыққа, музыка өнеріне қызығушылықты ояту болып табылады.

    Конкурс талаптары бойынша кезең топтар бойынша өткізілді: 1-ші курс (1 - 2 кластар), 1 - 2 курс (3 - 5 кластар), 3 - 5 курс (5 - 7 кластар). Конкурсты өткізуде бейнеоператорлар мен көрермендер болып табылған ата-аналар көмектесті. Әр қатысушы пьесаны музыкалық аспапта орындаудың, вокал номерінің бейнежазбасын ұсынды. Конкурстық нөмірлерді бағалауда қазылар алқасы музыкалық туындының дұрыс орындалуын, сыртқы көрінісін есепке алды. 

    Конкурс нәтижесі бойынша жүлделі орынды 161 оқушы иеленді, 7 оқушы - бас жүлде, I орын - 28 оқушы, II орын - 43 оқушы, III орын - 83 оқушы.

   Конкурстың ең жоғарғы марапатын, бас жүлдені иеленгендер: жеке және ансамбльдік ән салу бөлімінің оқушылары Безпалая Лариса (1 класс), Секербаев Әлішер (2 класс), педагогы Дарига Булатовна Аллахвердиева, Имангулов Аргын (3 класс), УсинаДәния (2-ші курс), Шаталова Лада (3 класс), педагогы Ксения Владимировна Миронец. Владимир Солонскидің «Тарантелла» пьесасын орындағаны үшін бас жүлдені Курбан Рахат алды, үрмелі және соқпалы аспаптар бөлімінің оқушылары (4 класс), педагогы Олег Леонтьевич Гонтовой, фортепиано бөлімінің оқушысы Горностаев Александр (2-ші курс) Вилла-Лобостың «Полишинель» пьесасын керемет орындағаны үшін алды, педагогы Анна Валерьевна Шубладзе.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі гран-при дипломдарымен, конкурсанттар қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.