ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар сабаққа қашықтықтан оқыту режимінде қатысады
06-04-2020 09:55
Павлодарлық оқушылар сабаққа қашықтықтан оқыту режимінде қатысады

    Қашықтықта білім алуға Павлодар қаласының барлық 42 жалпы білім беру мектептері ауысты. 45 мыңнан астам оқушы үйден шықпай-ақ білім алуда. Арнайы кесте бойынша оқиды. Көп балалы отбасылардан шыққан балаларды оқытуға қажетті жағдайлар жасалған. Олар әр уақытта қашықтықтан оқыту сабаққа қатыса алады.

    Мұғалімдер тек онлайн режимінде ғана емес, сонымен қатар бейнесабақтар көмегімен де жұмыс істейтінін атап өту керек. 1 сәуірде сынамалы қашықтық сабақтар өтті, сондай-ақ онлайн форматында 2 сәуірде ата-аналар жиналысы өтті, мұнда 95% астам ата-аналар мен оқушылар қатысты.

    Екі немесе одан да көп баласы бар отбасылырдағы оқушылар әр түрлі уақытта оқи алады - негізгілер 30 минуттан, қалғандары 15 минуттан. Онлайн режиміндегі сабақтар күнде өтетін болмайды. Мұғалім материалды қалай беретінін өзі шешеді - онлайн немесе бейнесабақ форматында.

    Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылар үшін негізгі ақпарат көзі теледидарда таратуды жоспарлаған білім беру бағдарламалары болмақ. Сонымен қатар, kundelik.kz, bilimland.kz сияқты сайттар. Басқа платформалар мұғалімдердің қалауы бойынша қолданылады.

    Бүгінгі таңда ата-аналар арасындағы өзекті мәселелердің бірі - балаларды компьютермен қамтамасыз ету, мұғалімдермен кері байланыс, оқушылардың материалды игеруі болып табылады. Осы бағытта Павлодар қаласының білім беру бөлімімен жүйелі жұмыс жасалуда. Оқушылар уақытша қолданысқа 2623 компьютер алды. Сонымен қатар, демеушілер есебінен дүние жүзілік желіге қол жеткізе алмаған балаларға интернет қосылды. Қашықтықта оқытуға қатысты кез-келген сұрақтарға 65-04-27, 30-14-91 телефоны арқылы Павлодар қаласының білім беру бөлімінің колл-орталығы жауап беруге дайын.