Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар техникалық мектебі коронавирус пандемиясы кезеңінде балалармен сабақты қашықтықтан оқыту режимінде жалғастыруда. Мақсаты - техникалық білім беру саласында қосымша білім беру және тәрбиелеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.
Қашықтықтан оқыту режимінде 10-нан астам бейнесабақ, мастер-кластар дайындап, балалар техникалық мектебінің ұжымы Ертіс өңірінің 720-нан астам оқушылары мен балаларына қосымша техникалық білім алуға қолжетімділікті, пәтерден шығуға және адамдар көп жиналатын жерлерге баруға шектеу қойылған кезде өзіне сабақ алуға мүмкіндік берді. «Онлайн сабақтарды әзірлеу авто-, кеме-, авиамоделдеу, робототехника, «Әскери техника», «Жалпы техникалық үлгілеу» шеберханалары, «Distudio», «Флора», «Сувенир», «Шеберқолдар», «Радуга» студиялары үшін жалғасын табады. Бұл өңір балаларына техникалық шығармашылық бағдарламасын меңгеруге көмектеседі. Мектеп педагогтарымен дарынды безендірілген бейне сабақтар балаларға техникалық шығармашылықтың ғажайып әлеміне енуге көмектеседі және ата-аналармен бірге сабақ өткізуге тамаша себеп болады»,- дейді мектеп басшысы Зозуля Александр Николаевич.
Мектеп тәрбиеленушілері «Туғанжер», «Еуразия жұлдыздары» шығармашылық жобасының, «Таланттар аралы» республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Радуга детских талантов» халықаралық және республикалық конкурстарға және фестивальдарға қатысу үшін дайындықтарға, спорттық-техникалық шеберлік бойынша жарыстарға қатысуға мүдделі, себебі мектеп осы конкурстарда жылсайын жүлделі орындарға ие болуда.