ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық конкурстың жеңімпазы
08-04-2020 09:24
Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық конкурстың жеңімпазы

  Павлодар қаласының № 21 ЖОМ 6 сынып оқушысы Жамажан Нарай Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай мұрасы - қазақтың қасиетті қазынасы» дистанциялық халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды. Ол І дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқауға «Абай өлеңінің ерекшеліктері туралы» шығарма жазды. Өз шығармаларында «Ызалы жүрек долы қол», «Малға достың мұңы жоқ» өлеңдерінде жазылған ақынның ерекше көңіл-күйі, әділдігі туралы тақырыпты аша алды.

  Нұрай 1 сыныптан бастап түрлі облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, өнер туралы әдебиетті, классиктердің шығармаларын оқығанды жақсы көреді, асық ату ойынымен айналысады. Осы кезеңде ол IV республикалық экологиялық «Птичий перезвон» конкурсының, Ақсу қаласында өткен «В лесу родилась елочка и пусть она растет - 2016» қалалық акциясының, ағылшын тілі бойынша «British Bulldog» халықаралық конкурсының, «Ақ бота» облыстық интеллектуалдық марафонының сертификаттарын алды, «Менің арманым» шығарғаны үшін халықаралық білім беру сайтының «Дар учителя» конкурсының II дәрежелі дипломымен марапатталды (2017 жыл). II, III облыстық «Алтын асық» интеллектуалдық ойыны сертификаттары бар (2016, 2017 жылдар).