kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2848436
Бір айда193487
Бір аптада50928
Кеше9565
Тәулік1763
Бес балабақшаның педагогтары облыстық байқауға қатысады
08-04-2020 14:54
Бес балабақшаның педагогтары облыстық байқауға қатысады

     Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Мектепке дейінгі ұйым педагогі - 2020» қалалық конкурсын өткізді. Мақсаты - тәрбиешінің оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені тарату, инновациялық қызметті ынталандыру және көтермелеу.

  Байқау екі кезеңде өткізілді: І іріктеу туры аясында педагогикалық позицияны қорғау өтті, қатысушылар өздерінің инновациялық тәжірибесін ұсынды, ақтық турда қатысушылар бейтаныс топта шеберлік-сыныптар өткізді.

 Байқауда мектепке дейінгі ұйымдардың 12 педагогі балалармен қарым-қатынас орнатуда педагогикалық технологияларды пайдалану туралы жұмыс тәжірибесін көрсетті, өз жұмысының жүйесін негіздеді, ұсынылған жобаның негізгі идеясын және алынған нәтижелерді ұсынды.

  Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде №96 балабақшаның педагогі Алейникова Лидия Сергеевнаға берілді. Мәселені шешу үшін педагог жаңа материалды меңгеруге ынталандыратын жағдайларды, әдістер мен тәсілдерді табады. Педагог балаларды ойлау, дәлелдеу, қиындықтарды жеңу ниетін тәрбиелейді.

 «Шоқжұлдыз» номинациясы 2 педагогке берілді. №29 балабақшаның педагогіКузьгова Зарина Жабраиловна мектепке дейінгі жастағы балалардың бақылаудағы объектілерді салыстыра білуін қалыптастыруға, адамның осы объектілердің өзгеруіне әсерін анықтауға ықпал ететін тәжірибелерге мақсатты бақылауды ұйымдастыру арқылы балаларды танымдық дамыту бойынша жұмыс жүйесін ұсынды.№ 20 балабақшаның педагогі Амирбекова Ырым Сағатқызына балалар ұжымын шебер меңгерген, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданады.

  «Шеберлік шыңына» номинациясы № 30 балабақшаның педагогі Кабдулова Әлия Мақсұтқызына берілді. Педагог балалармен жұмыста қызықты дидактикалық материалдарды орындайды, оларды ойлауға, қорытынды жасауға және ақыл-ойға қонымды түрде үйретеді.

 Байқаудың лауреаты болып №33 балабақшаның педагогіБотагөз Серікқызы Бакеева атанды. Педагог балалардың ойлау белсенділігін дамыту үшін авторлық ойын құралдарының көмегімен балалар қызметін шебер басқарады. Сабақтың барлық кезеңдерінде бірнеше анализаторларға сүйеніп тапсырмалар қолданылды.

 Байқаудың қорытындысы бойынша педагогтар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды және облыстық байқауға қатысу үшін өтініш білдірді.