2020 жылдың наурыз айында Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің 30 оқушыларының жұмыстары Белоруссиядағы Смолевич қаласында өткен халықаралық «На своей земле» байқауына жіберілді. Барлығы байқауға 26 әлем мемлекеттерінен 10600 жұмыс қатысты.
Байқау қорытындылары бойынша жеңімпаздар қатарынан 6 павлодарлық оқушылар табылды. Қазылар алқасы байқауға жіберілген мыңдаған жұмыстар арасынан ең үздіктерін анықтай алды. «Қатысушылар өз жұмыстарында жемістердің пісу кезеңі - күздің ерекше түстерін, сонымен қатар ұлттық бояуларды көрсете білді. Байқау тақырыбы егін туралы болған-ды», - деп мектеп директоры айтып кетті.
Байқау лауреаты дипломымен «Жемістер иісі» жұмысының авторы 8 жасар Павел Береснев марапатталды, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова.
«Ең үздік жұмыс» үшін «Мен бақшада» атты жұмысы үшін 7 жасар Азиза Алпамысқызы, жетекшісі Гүлнәр Мерғалымқызы Мұхаметқалина, «Қарбыз» суретінің авторы 7 жасар Амина Бельгибаев, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, «Күзге дайындық» суреті үшін 6 жасар Амелия Звягина, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, «Қорлы кірпі» суреті үшін 7 жасар Артём Розов, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, «Әуес торғай» суретінің 7 жасар авторы Саида Хамитова, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова дипломдармен марапатталды. Жұмыстар гуашь, фломастер, түрлі түсті қарындаштар, акварель техникаларында орындалған. Қатысушылардың жұмыстары халықаралық сурет көрмесіне кірді.