ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қашықтықтан оқыту жағдайында қосымша білім беру
10-04-2020 14:08
Қашықтықтан оқыту жағдайында қосымша білім беру

 Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм балалар жасөспірімдер орталығының 1000-нан астам тәрбиеленушілері сабақтан бос уақыттарында орталықтың 9 клубтарында, үйірмелерінде қашықтықтан жаттығуды жалғастыруда. Бүгінгі күні орталық педагогтары экология, туризм, өлкетану бойынша бағдарламалық материалдарды игеру үшін қашықтықтан видеобағыттар, виртуалды экскурсиялар, қашықтықтан байқауларда қабылдайды, интернетті пайдалана отырып жеке кеңестер береді.

 «СЮТур» балалар аула клубының тәрбиеленушілері туристік-спорттық дағдыларды жетілдіруді жалғастыруда, орталықтың жас өлкетанушылары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұмытылмас каһармандар» атты дистанциялық байқаудың ережесін әзірлеуге қатысады, «Бір ел-бір тағдыр» шығармашылық байқауы бойынша материалдар жинаумен айналысады.

   Жас экологтар қалалық «Қанатты достар» акциясының, «Өз қолдарымен жасаған астау», «Веселые скворечники» конкурстарының қорытындысын шығаруға дайындалуда, «Терезе алдындағы бақша» атты агротехникалық іс-шаралар бойынша жұмыс жүргізеді. Экология бойынша шығармашылық жобалармен жұмыс істейтін тәрбиеленушілер қашықтықтан өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға дайындалу және қатысу үшін әр түрлі деңгейдегі басылымдарда әдебиеттерді зерттеумен айналысады, тәжірибе және зерттеу жұмыстарын, ауа-райын бақылау күнделіктерін жүргізеді.

  Орталық педагогтары осы кезеңде шығармашылық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. 2020 жылдың наурыз айында «Авторлық бағдарлама - 2020» қалалық дистанциялық байқауда орталықтың жетістіктер қоржынын 4 педагог толықтырды. І орынды «Экология және өлкетану» білім беру бағдарламасы үшін Якубова Анастасия Михайловна, «В мире цветов» қосымша білім беру бағдарламасы үшін Орт Инесса Николаевна, ІІ орынды «Жас зерттеуші» білім беру бағдарламасы үшін Алибаева Гүлжихан Манарбекқызы, «Сүйікті өлкем» қосымша білім беру бағдарламасы үшін Ахмерова Сауле Елубаевна иеленді.