ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығынаарналған «Патриот» қалалық айлығы
14-04-2020 09:38

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде, мектептен тыс ұйымдарда 2020 жылдың 9 сәуірі мен 9 мамыры аралығында қашықтық режимінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Патриот» айлығы өткізілуде.

Айлық шеңберінде 1 - 15 сәуір аралығында 5-11 сынып оқушылары арасында «Ерлікке тағзым - поклонение героизму» атты шығармалар сайысы өтуде. Байқау қаланың педагогика қызметкерлерінің ардагерлер кеңесімен бірлесіп өткізіледі.  Облыстық кезеңге 4 үздік шығарма іріктеліп алынатын болады. Байқауға 1500-ден астам оқушы қатысуда.

1-8 сынып оқушылары «Атамның медальі» челленджіне қатысады, онда оқушылар өз атасының, туысының, соғысқа қатысушының жауынгерлік наградалары туралы айтады. Челлендж 6 сәуірде басталды, 9 мамырға дейін жалғасады. Бүгінгі күні қала мектептерінің 1000-нан астам оқушыдары қатысты. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Соғыс туралы өлеңдер оқимыз» атты челлендж өтеді.

15-29 сәуір аралығында «Ұлы Жеңіс әндері!» атты 1-7 сынып оқушылары арасында қалалық қашықтықтан вокалдық бейнероликтер байқауы жоспарланған.

15-29 сәуір аралығында 8-11 сынып оқушылары «Менім есімде!  Мен мақтан тұтамын!» атты отбасы мұрағатынан алынған материалдарды қоса бере отырып, өз туыстары туралы қалалық бейнероликтер байқауына қатысады.

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушылары арасында 15 сәуірден бастап «Жеңіссалюты!» атты балалар суреттерінің блиц-байқауы өткізіледі.

15 сәуір мен 9 мамыр аралығында 5-8 сынып оқушылары арасында «Екі жұлдыз» атты патриоттық акция өтеді.Онда оқушылар ата-аналарымен бірге соғыс жылдарындағы әндерді орындайды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар техникалық мектебі 14 сәуір мен 9 мамыр аралығында «Соғыс жылдарындағы техника» атты челленджді іске қосады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм балалар орталығымен 14 сәуір мен 4 мамыр аралығында жыл сайынғы «Ұмытылмас каһармандар», «Мы не забудем вас, герои» атты әскери-патриоттық әндердің қалалық шығармашылық байқауы жоспарланған.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Патриот» айлығының барлық іс-шараларына 30000-нан астам бала, ата-аналар қатысады.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі