«Мұғалім - бұл менің міндетім» атты X республикалық эссе байқауына 2020 жылдың 16 наурыз - 16 сәуір аралығында Павлодар қаласының№20 лицей-мектебінің 4 педагогі және № 33 мектебінің бір педагогі қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша Норпеисова Гүлнәр Қазизоллақызы, химия мұғалімі, Фрик Любовь Ивановна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Марзатаев Ерлан Тоқтағұлұлы, №20 лицей-мектебінің тарих және қоғамтану мұғалімі, Капбасова Гүлбану Қайырбекқызы, № 33 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі жеңімпаз атанды.Жеңімпаздардың байқау жұмыстары мазмұндылығымен және түпнұсқасымен ерекшеленді. Өз эссесінде мұғалімдер қазіргі қоғамдағы педагог рөліне өз көзқарасын ұсынды, бүгінгі күні мұғалімнің креативті, дамыған интеллекті бар, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін қандай қасиеттерге ие болуы керек деген пікірмен бөлісті. Мұғалімдер өз ойларын айтып, болашақта мектепті қалай көретіндері туралы ойларымен бөлісті. Байқау қорытындысы бойынша олар «Экология, инженерия және педагогика халықаралық ғылым академиясы» халықаралық қоғамдық қорының І дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Барлық мұғалімдер - өз ісінің кәсіби мамандары, оқытудың заманауи әдістерін жетік меңгерген. Гүлнәр Қазизоллақызы 2020 жылы республикалық «Үздік бейне сабақ» сайысының облыстық турында I орын, республикалық «Зейін» олимпиадасында I орын, «Арман жолында» атты республикалық бейне сабақ байқауына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат алды, республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы Любовь Ивановна республикалық КИО олимпиадасына қатысқаны үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды, 2020 жылы республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасында III орын алды.Ерлан Тоқтағұлұлы республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, осы жылы республикалық КИО олимпиадасында Қазақстан тарихы бойынша II орын алды, «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік сабақ» атты облыстық байқаудың (III орын) жүлдегері және қалалық байқаудың жеңімпазы. Гүлбану Қайырбекқызы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Білім беру үздігі» медалімен, Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым Академиясының алғыс хатымен, КИО республикалық қашықтық олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен, республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.