2020 жылғы 29 сәуірде Павлодар қаласы білім беру бөлімімен «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған қашықтық олимпиада өткізді. Мақсаты - Абай Құнанбаевтың шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі білімдерін тексеру. Байқауға 8 - 10 сыныптың 89 оқушысы қатысты, оның ішінде 8 сыныптан - 31, 9 сыныптан - 32, 10 сыныптан - 26 оқушы, сонымен қатар 38 оқушы - мемлекеттік тілде оқитын білгірлер.
Бірінші кезең бойынша оқушылар Абай Құнанбаевтың «Балалық шақ», «Абай - ұлы ақын», «Абай мұралары» тақырыбына үш тілдік эссе жазды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылар арасында ең үздік эссе жазған мектеп оқушылары № 1, 2, К. Макпалеев атындағы 5, 9, 11, 13, 14, 16, 19, 20, 24, 26, 29, 41, 9 сынып оқушылар арасында - № 2, К. Макпалеев атындағы, № 7, 11,19, 20, 21, 23, 26, 35, 38, 39, 41, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ, 10 сынып оқушылар арасында - № 2, 4, 12, 13, 19, 20, 21, 22, 23, 37, 39, 43 мектептер өз білімдерімен бөлісті.
Екінші кезеңнің қорытындысы, Абайдың шығармасын жатқа оқу, рөлге енуі, мәнерлеп оқыған 8 сынып оқушылар арасында К. Макпалеев атындағы, № 7, 9, 17, 19, 23, 26, 29,31, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ, 9 сынып оқушылар арасында - № 2, К. Макпалеев атындағы, № 5, 9, 11, 13,14, 17, 22, 24, 25, 28, 31, 33, 36, 37, 10 сынып оқушылар арасында № 2, 4, 7, К. Бекхожин атындағы, № 13, 19, 20, 21, Б. Момышұлы атындағы, № 23, 26, 27, 29, 33, 35, 37, 39, 41, 43 мектеп көзге түсті. Барлық мектептерінің оқушылары тілдік қорларының жоғары екенін, Абай шығармаларын білетінін көрсете алды. Ұлы Абайдың шығармалаларын оқып жүрген № 28 мектептің 8 сынып оқушысы Мамытхан Анель ерекше атап кетуге болды, олимпиада тапсырмаларына қоса, Анель Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған өзінің «Арнау» өлеңін оқыды.
Сайыс 2 кезеңнің қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары арасында I дәрежелі дипломның иегерлері Серік Ботакөз, 9 сынып оқушылар арасында - Мейрам Нарқыз (Кенжекөл ЖОМ), 10 сынып оқушылар арасында - Безкаравайная Валерия (№ 43 ЖОМ).