Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаланың 89 оқушысы үш тілде Абай шығармалары бойынша білімдерін паш етті
30-04-2020 08:28
Қаланың 89 оқушысы үш тілде Абай шығармалары бойынша білімдерін паш етті

   2020 жылғы 29 сәуірде Павлодар қаласы білім беру бөлімімен «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған қашықтық  олимпиада өткізді. Мақсаты - Абай Құнанбаевтың шығармаларын қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі білімдерін тексеру. Байқауға 8 - 10 сыныптың 89 оқушысы қатысты, оның ішінде 8 сыныптан - 31, 9 сыныптан - 32, 10 сыныптан - 26 оқушы, сонымен  қатар  38 оқушы - мемлекеттік тілде оқитын білгірлер. 

  Бірінші кезең бойынша оқушылар Абай Құнанбаевтың «Балалық шақ», «Абай - ұлы ақын», «Абай мұралары» тақырыбына үш тілдік эссе жазды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылар арасында ең үздік эссе жазған мектеп оқушылары № 1, 2, К. Макпалеев атындағы 5, 9, 11, 13, 14, 16, 19, 20, 24, 26, 29, 41, 9 сынып оқушылар арасында - № 2,  К. Макпалеев атындағы, № 7, 11,19, 20, 21, 23, 26, 35, 38, 39, 41, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ, 10 сынып оқушылар арасында - № 2, 4, 12, 13, 19, 20, 21, 22, 23, 37, 39, 43 мектептер өз білімдерімен бөлісті.

   Екінші кезеңнің  қорытындысы, Абайдың шығармасын жатқа оқу, рөлге енуі, мәнерлеп оқыған 8 сынып оқушылар арасында К. Макпалеев атындағы, № 7,  9, 17, 19, 23, 26, 29,31, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ, 9 сынып оқушылар арасында - № 2, К. Макпалеев атындағы, № 5, 9, 11, 13,14, 17, 22, 24, 25, 28, 31, 33, 36, 37, 10 сынып оқушылар арасында № 2, 4, 7, К. Бекхожин атындағы, № 13, 19, 20, 21, Б. Момышұлы атындағы, № 23, 26, 27, 29, 33, 35, 37, 39, 41, 43 мектеп көзге түсті. Барлық мектептерінің оқушылары тілдік қорларының жоғары екенін, Абай шығармаларын білетінін көрсете алды. Ұлы Абайдың шығармалаларын оқып жүрген № 28 мектептің 8 сынып оқушысы Мамытхан Анель ерекше атап кетуге болды, олимпиада тапсырмаларына қоса, Анель Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған  өзінің «Арнау» өлеңін оқыды.

   Сайыс 2 кезеңнің қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары арасында I дәрежелі дипломның иегерлері Серік Ботакөз, 9 сынып оқушылар арасында - Мейрам Нарқыз (Кенжекөл ЖОМ), 10 сынып оқушылар арасында - Безкаравайная Валерия (№ 43 ЖОМ).