Белгілі адамдардың есімдерін есте сақтау, оқушыларды Отанындаңққа бөлеген жерлестерді анықтау бойынша іздеу-зерттеу жұмыстарын атарту мақсатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Бір ел - бір тағдыр» қалалық шығармашылық конкурсын өткізді. Байқауға №39, 33 ЖОМ 20-дан астам оқушылары, экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
Байқауға «Менің атам - тарих, тұлға, жадым!», «Менің атам - соғыс батыры», «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», «Менің отбасымдағы батырлар - менің арғы бабаларым», «Менің отбасымның аңызы», «Эх, майдан жолы» тақырыбында бейне, эссе, әңгімелер, шығармалар, презентациялық слайдтар ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды орталық тәрбиеленушісі Смаилова Анель, II орынды №39 ЖОМ оқушылары Қарасай Жауһар, Стамбеков Қуат, Темирбаев Радмир, Шульц Алина, №33 ЖОМ оқушысы Дарибаева Камила, III орынды №39 ЖОМ оқушылары Смаилова Жасмин, Бахралинова Айша, Тулеубаева Мадина, Ирғали Әдина, Садовник Алеся, орталық тәрбиеленушілері Якубова Ксения, Каширникова Елизавета иеленді.
Анель әжесі Назырова Анарифа Абдулкадыровна, тыл еңбеккері-соғыстан кейінгі сухогруздағы өзен портындағы капитанның көмекшісі лауазымындағы еңбек қызметі туралы, оның әжесі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандығы туралы «Білемін. Есімде. Мақтан тұтамын» атты бейнероликті ұсынды. Алеся өзінің сүйікті атасы Тағыр Зәкірұлы Құдашевтің, еңбекті қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы Павлодар мен облысты дамытуға қосқан үлесі туралы «Менің атам» атты шығармасын жазды. Айша өзінің «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» атты эссесінде «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында фашистік Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған арғы атасы Бахралинов Ғабас туралы мақтанышпен жазады. «Бүгінгі таңда өз тарихын сақтау өте маңызды, өз ұрпағымен мақтан тұтады, біздің жанымызда бар нәрселерді бағалайтын өткенді көру өте маңызды», - дейді орталықтың өлкетану бөлімінің меңгерушісі Ефимова Ирина Александровна.