Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жеңіс күніне қала оқушыларының бейнеролигі
05-05-2020 09:22
Жеңіс күніне қала оқушыларының  бейнеролигі

    2020 жылғы 15 - 29 сәуір аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің 75-жылдығы қарсаңында «Менің есімде! Мен мақтанамын» тақырыбына бейнеролик  қашықтық  конкурс өткізілді. Мақсаты - жоғары патриоттық сана,ұлттық мақтаныш  сезімін қалыптастыру,талантты  оқушыларды қолдау. Конкурсқа  қаланың 14 жалпы білім беру мектептерінің  8 - 11 сыныбының  52 оқушысы  қатысты. 

  Конкурс шарты бойынша оқушылар «Қазіргі сәндік - қолданбалы шығармашылық», «Ардагерге сыйлық», «Шексіз шығармашылық», «Батырлар жанымызда», «Батыр көшесі», «Батырға ескерткіш» тақырыптарына бейнеролик ұсыну керек.

    Конкурс қорытындысы бойынша 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бірінші орынға 2 оқушы, екінші - 4, үшінші - 5. «Ешкімде, ештеңеле ұмытылған жоқ»  номинациясымен №20 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Фучижи Никита, №34 мектебінің  9 сынып оқушысы Османова Адель, Б. Момышұлы мектебінің 9 сынып оқушысы Биғазы Алуа, № 27 мектебінің 9 сынып оқушысы Падалявич Никита марапатталды. «Мазмұнды және ерекше идея» номинациясымен №34 мектебінің 10 сынып оқушысы Зоричев Никита, Б. Момышұлы мектебінің 10 сынып оқушысы Киякова Арайлым, «Сезімді бейнеролик»  номинациясымен № 27 мектебінің  9 сынып оқушысы  Беспалова Анастасия марапатталды.

   «Мен мақтан тұтам, менің есімде» бейнеролигі үшін I орынды Б. Момышұлы мектебінің 10 сынып оқушысы Айгужа Адель және «Ворушин Иван Денисович» бейнеролигі үшін № 20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы  Ворушин Ярослав алды. «Осындай  шара өткізу өз Отанына деген мақтаныш және сүйіспеншілік  сезімін тәрбиелеуге, оның өткен тарихын білу және түсінігін қалыптастыруға,әрбір баланың жеке, оның жеке қабілетін дамытуға  көмектеседі», - дейді орталығының  ұйымдастырушы-ұстазы Қайырбекова Назира Ермекқызы.