ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абай шығармаларының жас оқырмандары
11-05-2020 08:27
Абай шығармаларының жас оқырмандары

 Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығы Абайдың 175-жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде 2020 жылдың 4 мамырында 1 - 4 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» қалалық онлайн-байқауын өткізді. Іс-шараға 20 жалпы білім беретін мектептен 57 оқушы қатысты, оның ішінде 8 өзге ұлт өкілдері. Сайыс 2 номинация бойынша өтті.

  Байқау қорытындысы бойынша 24 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: I орын-5 оқушы, II орын-8 оқушы, III орын - 11 оқушы иеленді.

  «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Абай шығармаларын жатқа оқуда 20 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңін орындағаны үшін І орынды № 2 ЖОМ 1 сынып оқушысы Зулан Әбілмансұр, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі үшін №11 ЖОМ 3 сынып оқушысы Кулагин Ярослав, «Жазғытұрым» өлеңі үшін № 19 ЖОМ 3 сынып оқушысы Салмырза Айғаным иеленді. ІІ орынды № 1, 2, 11, 22, 35, 37, 43, ЖОМ ІІІ орын № 2, 11, 17, 19, 22, 35 ЖОМ оқушылары иеленді.Абай шығармаларын танудағы ерекше жетістіктерді үшін  Зулан Әбілмансұрды атап өтуге болады. Ол Абайдың «Жаз», «Қыс», «Күз», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қыс сөзі», «Бақа мен өгіз», «Қарға мен түлкі» шығармаларынан 20 үзіндіні жатқа айтты.

  «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» номинациясы бойынша 4 оқушы жеңімпаз атанды. І орынды 4 сынып оқушылары Бейсенбаева Амира (№12 ЖОМ), Зайнутдинова София (№27 ЖОМ) иеленді. Олардың орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы» әні шырқалды. ІІ, ІІІ орынды № 35, 30 ЖОМ оқушылары иеленді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығының дипломдарымен марапатталады.