ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар суретінде Жеңіс күні
14-05-2020 11:03
Оқушылар суретінде Жеңіс күні

 

Павлодар  қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің 75-жылдығына арналған, шаралар аясында «Ұлы Жеңіс» қалалық қашықтық сурет конкурсы өткізілді. Мақсаты - соғыс кезіндегі барлық қиындықты басынан кешіп, соғысты жеңген ардагерлерімізге деген құрметін және мейірімін, сезімін тәрбиелеу. Конкурс 1 - 4 сынып оқушылары арасында  «Жеңіс Күні балалар көзқарасымен» және 5 - 8 сынып оқушылары арасында «Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз»  тақырыбында өтті.

Конкурсқа 23 қаланың жалпы білім беру мектептерінен 383 оқушы қатысты. Өз суреттерінде оқушылар соғыс  жылдарының қатысушыларына   алғысын, құрметін, бағалау сезімін жеткізе алды. Олардың суреттері сюжеттің ерекшелігімен, жекешелігімен ерекшеленді және кеңес одағы  әскерлерінің ерлігімен бейнеленді. Жұмыстар әртүрлі және ұзын қарындаш,гуашь, бояулармен орындалды.

Сурет іріктеу кезінде әділ қазылар сурет мазмұнын, композициялық  шешімін, бейнелеу шеберлігін, мәнерлігін, жобалау ерекшелігін, түсін ескерді. Конкурс  қорытындысы бойынша 1 - 4 сыныптың 113 оқушысы жүлделі орынға  ие болды, оның ішінде бірінші орынға  2 оқушы,  екінші орынға - 26, үшінші орынға - 85 оқушы ие болды. «Жеңіс Күні балалар көзқарасымен»  суреті үшін  I орынға,  К. Бекхожин атындағы мектептің 1 сынып оқушысы Баимбетов Айдын, «Жеңіс шеруі» суреті үшін № 16 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Юрьева Валерия ие болды. 5 - 8 сынып оқушылары арасында жүлделі орынға 27 оқушы ие болды, оның ішінде бірінші орынға 1 қатысушы, екінші орынға - 11, үшінші орынға - 15  оқушы. «Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз»  суреті үшін  I  орынды № 34 ЖОМ 6 сынып оқушысы Пекарчук Милана иеленді.