ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сұрапыл соғыс туралы оқушылар шығармашылығы
14-05-2020 11:09
Сұрапыл соғыс туралы оқушылар шығармашылығы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы оқушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиесі, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Ұмытылмас  қаһармандар!» Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған қашықтан байқау өткізілді. Байқауға қаланың 24 мектебінен 172 оқушы, орталықтың тәрбиеленушілері және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысты.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар әскери-патриоттық тақырыптарда «Орындаушы-авторлар», «Ән», «Өлең», «Әңгіме» аталымдары бойынша шығармаларды орындады. Байқаудың репертуарына Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлікпен өткендері туралы және кейін белгілі авторлардың өлеңдері мен шығармалары, өздерінің аты аңызға айналған туыстары туралы әңгімелер еңгізілді.

     «Орындаушы-авторлар» аталымы бойынша № 19, 6, 42, 36 мектептерінің 6 оқушысы және орталықтың 2 тәрбиеленушісі жүлделі орындарға ие болды. «Ән» аталымы бойынша 22 оқушы үздік атанды № 34 (2), 14 (2), 9 (3), 1, 27 (2), 42, 43, 26, 16, 28 (2), 36, 2, Кенжекөл ЖОМ, № 20 лицей-мектебі, орталықтың 2 тәрбиеленушісі. «Өлең» аталымы бойынша 26 оқушы жүлделі орындарға ие болды № 14, 18, 39 (5), 19 (3), 36, 23, 42 (4), 9, 28, 16, 6 (2), Кенжекөл ЖОМ (3), 2, № 20 лицей-мектебі.

    «Әңгіме» аталымы бойынша 12 оқушы өздерінің шығармашылық орындауымен ерекшеленді № 6, 39, 16, 40, 42 (2), 2, 18 (2), Кенжекөл ЖОМ, № 20 лицей-мектебі. № 19 ЖОМ-нің 2 сынып оқушысы Құрмангазин Айдар «Менің атам» өлеңінде өзінің атасы танк басқарушы болғаның, оның жауынгерлік ерлігі мен жүлделері туралы және де бүкіл отбасы оларды мақтан тұтып, есте сақтайтыны туралы қағазға түсірді. № 6 ЖОМ-нің 3 сынып оқушысы Темірхан Айлана Жеңіс күні туралы «9 Мамыр» атты өлеңін оқып беріп, баршамызға бейбіт өмір тіледі. «Бүгін, соғыс зардабын, анасының көз жасын да білмеген ұрпақ өсіп келе жатқан кезде, бұл шара халқымыздың тағдырына, өміріне, істеріне деген жеке қатыстылығын сезінуі және біздің еркін Отанымыз үшін аталар мен ата-бабаларымызға ерекше алғыс сезімін қалдыруыны ықпалын тигізді», - дейді орталықтың өлкетану бөлімінің меңгерушісі Ефимова Ирина Александровна.