ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Махамбет шығармаларының білгірлері
15-05-2020 09:14
Махамбет шығармаларының білгірлері

2020 жылы 6 мамырда Павлодар  қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының белді өкілдерінің бірі, қазақтың ұлы ақыны Махамбет Өтемісұлына арналған «Махамбет оқулары»  қашықтық байқауы өткізілді. «Махамбет оқулары»  байқауына  29 жалпы білім беру мектебінің 5 - 11 сыныптың  52 оқушысы  қатысты. Оқу мақсаты - қазақ батыры, ақын Махамбет шығармашылығын оқушылар арасында насихаттау, орындау шеберлігін шыңдау, жеке эмоционалдық мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.  

Байқау қорытындысы бойынша 16 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның  ішінде    І орын  3 оқушы, ІІ орын  - 5, ІІІ орын - 8.

«Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмынбағытытында - ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа  оқу І дәрежелі дипломмен № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Сұлтанұлы Рамазан   марапатталды. Рамазан ақынның 30 өлеңін жатқа мәнерлеп оқығаны үшін қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.  ІІ дәрежелі дипломмен - № 17, 24, Жетекші ЖОМ  оқушылары марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломмен  Б. Момышұлы атындағы, № 2, 18, 7, Кенжекөл ЖОМ, оқушылары марапатталды. Құрмет грамотасымен № 34, 40 ЖОМ оқушылары марапатталды.

«Ұлы арман» бағытында - Махамбеттің күйін домбырада орындау І дәрежелі дипломмен Махамбеттің  «Жұмыр қылыш» күйін домбырада шеберлікпен орындаған № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тоқбатырова Айшегүл марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен № 35 ЖОМ оқушысы марапатталды.

«Тартынбай сөйлер асылмын...» бағытында - Махамбет батыр туралы  өзі шығарған өлеңін мәнерлеп  оқу  І дәрежелі дипломмен Қ.Бекхожин атынлағы, ЖОМ 8 сынып оқушысы Орынбай Шынболат марапатталды. Шынболат шығармаларында өлең құрылысын дұрыс таңдай алып, қазылар алқасына Махамбет батыр туралы өзі шығарған өлеңдерін оқыды. ІІ дәрежелі дипломды Кенжекөл ЖОМ оқушысы иеленді. ІІІ дәрежелі дипломмен № 7, 19, 21 ЖОМ оқушылары марапатталды. Байқау ережесіне сәйкес байқау бағыттары бойынша жеңімпаздар облыстық  «Махамбет оқулары» байқауына  қатысады.