ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Табиғатты бірге қорғайық
15-05-2020 09:55
Табиғатты бірге қорғайық

«Жасыл әлем» қалалық еңбек десанты аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 2020 жылғы 16 сәуір - 6 мамыр аралығында «Жасыл қала - Жасыл ел!»атты қашықтан қалалық байқау өтті. Мақсаты - адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз өлкесіне, қаласына, еліне ұқыпты қарау, біздің аймақтың «жасыл қорын» сақтау және қорғау бойынша экологиялық қызметке қызығушылық танытатын оқушыларды баулу және қолдау. Байқауға 40-тан астам № 6, 9, 18, 19, 40, 41 мектеп оқушылары, балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілерін қатысты. Сурет, аппликация, қолдан жасалған бұйымдар түріндегі шығармашылық жұмыстар «Табиғатқа бірге көмектесейік», «Туған өлке», «Эко-эмблема» аталымдар бойынша жүргізілді.

«Табиғатқа бірге көмектесейік» аталымы бойынша қатысушылар өз жұмыстарында экологиялық және табиғатты қорғау қызметін бейнеледі. Жүлделі орындарға 18 оқушы ие болды № 19 (2), 40 (5), 18 (3), 6 (2), 9 және орталықтың 5 тәрбиеленушісі.

«Туған өлке» аталымы бойынша балалар туған өлкенің табиғи мұрасын, аумақтың, қаланың, үйдің көрікті жерлерін көрсетті. Аталымда 6 үздік жұмыс № 19, 40, 18, 41 оқушылары мен 2 орталықтың тәрбиеленушісі.

«Эко-эмблема» аталымы бойынша қатысушылар табиғатты қорғау қызметінің эмблемасын бейнеледі. Жүлделі орындарға № 40 (4), 43 және 2 орта мектептердің 7 оқушысы ие болды. № 19 ЖОМ 1 сынып оқушысы Абылкасимов Қазыбек өзінің «Табиғат қорғаушылары» атты суретінде табиғат пен адам тығыз байланысты екенін көрсетті, табиғаттың әрбір элементі - қазына, адамзат үшін байлық, адамның қолында тұрған денсаулықты қорғау. Орталық тәрбиеленушісі Бейсенова Томирис «Баянауыл жолдары аңыздарымен» өз жұмысында Баянауылдың табиғатымен, мәдени және тарихи мұрасымен танысатын жас өлкетанушыларды бейнеледі. № 40 ЖОМ 3 сынып оқушысы Нургазина Жанна «Табиғатта өзін қалай ұстау керек» эко-эмблемасын табиғатта адамның өзін-өзі ұстау ережелері бойынша жадынама түрінде бейнеледі. «Байқаудың қашықтық түрінде өткізілуі патриоттық сезімге тәрбиелейді, шығармашылық жұмыстарында балалар өз ойларын, табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын береді», - дейді экология бөлімінің меңгерушісі Текенова Бақыт Қапасқызы.