kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2839922
Бір айда217315
Бір аптада50616
Кеше12167
Тәулік635
Еңбек заңнамасы және білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы өзекті мәселелер мен өзгерістер
21-05-2020 09:51
Еңбек заңнамасы және білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы өзекті мәселелер мен өзгерістер

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі облыстық және қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп, 2020 жылғы 20 мамырда «Еңбек заңнамасы және білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы өзекті мәселелер мен өзгерістер» тақырыбында онлайн семинар-кеңес өткізілді. Семинар қаланың жалпы білім беретін мектептерінің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің 135 басшысы қатысқан екі ағында өткізілді.

Семинар барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г. О. Жаркеноваға педагогтардың еңбегіне ақы төлеуге, еңбек қатынастарын сақтауға қатысты заңға тәуелді актілер бөлігінде түсініктеме берілді. Онлайн-платформа арқылы басшылар еңбек саласында проблема тудыратын мәселелер бойынша сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ филиалының төрайымы С. Ш. Сейітова ұжымдарда қарастыру үшін ұсынылған ұжымдық келісім-шарттардың тармақтарын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша карантиндік шараларды алып тастағаннан кейін оффлайн режимінде семинар өткізу туралы шешім қабылданды.