ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас лингвисттер өз білімдерін тексерді
21-05-2020 15:32
Жас лингвисттер өз білімдерін тексерді

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны»  бос  уақытты қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылы 19 мамырда алғаш рет «Жас  лингвист»   қашықтық лингвистикалық  олимпиада өткізді. Олимпиада  мақсаты - дарынды балалардың ғылыми білімдерін дәріптеу және қолдау, лингвистика бойынша  олимпиадалық  резерв дайындау. Олимпиадаға қаланың 31 жалпы білім беру мектептерінен 6 - 7 сыныптың  178 оқушысы қатысты. № 39 инновациялық типтегі ЖОМ көп команда  қатысты  (46 оқушы).

Олимпиада жазбаша турдан тұрды, қатысушыларға тыныс белгілері, орфорграфия, синтаксис, морфологияны практикада пайдалану іскерлігі лингвистика негізін білу танымдық сипаттағы 20 лингвистикалық тапсырмалар ұсынылды. Олимпиада қорытындысы бойынша 47 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде бірінші орынға 4 оқушы,екінші орынға - 12 оқушы, үшінші орынға - 31 оқушы.

I орынды 6 сынып оқушылары № 17 Тускеева Диана, Амантаева  Жансая  № 25 , Токушева  Анель  және  Маташ  Мирас  № 39 мектеп ие болды. Барлық  жеңімпаздар жан-жақты  дамыған балалар. Анель - мектептің пән олимпиадасының қатысушысы, British Bulldog, Кенгеру зияткерлік байқауының жеңімпазы (2019, 2020 жылдар). Мирас  «Триада»  математика бойынша бірінші және екінші республикалық олимпиаданың жүлдегері мен жеңімпазы, қолданбалы математика бойынша республикалық қашықтық олимпиада  жеңімпазы (2020 жыл). 

II орынды № 17 ЖОМ (2), 25 (4 ), 35, 36, 39 (2), 40 (2) мектеп оқушылары, III орынды № 9 ЖОМ, 1, 2 (2 ), 4, 11 (3 ), 12, 16, 17, 24, 25, 26 (2), 29, 30, 35, 37 (2), 39 (8 ), 41, 43, Жетекші ЖОМ мектеп оқушылары ие болды. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталады.