ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша қалалық семинар
22-05-2020 10:01
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша қалалық семинар

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 20 мамырда онлайн режимінде «2020 жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты - жазғы маусымға дайындық ережелерімен таныстыру, қауіпсіз өмір сүру және балалардың денсаулығын сақтау, карантиндік шараларды сақтау. Жалпы білім беретін мектептер директорларының 92 орынбасары және мектеп жанындағы лагерьлердің директорлары қатысты.

Жазғы демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамтылу мәселесі бойынша семинарда барлық мүдделі органдардың өкілдері сөз сөйледі. Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының маманы Еркін Баймұратұлы Каукенов «Балалардың жазғы демалысы кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптары мен шараларын сақтау туралы» баяндамасымен сөз сөйледі, Павлодар қаласы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полициясының аға инспекторы, полиция майоры Руслан Шаймарданұлы Сулейменов «Қоғамдық тәртіпті сақтауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» баяндама жасады, Павлодар қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы Жібек Қайроллақызы Махамбетова «Мектеп жанындағы лагерлердің жұмысын ұйымдастыру кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптар. Мектеп жанындағы лагерлерді ұйымдастыру кезінде санитарлық ережелерді сақтау» мәселесі бойынша түсініктеме берді. Карантиндік шаралар кезінде мектеп жанындағы лагерьлердің ұйымдастыру ережесі туралы мәселелер талқыланды. Қаланың 38 жалпы білім беретін мектептерінде жалпы 23031(100%) 1 - 4 сынып оқушысы қамтылған мектеп жанындағы лагерьлер ашу жоспарлануда.