ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтар мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндерін көрсетті
25-05-2020 10:13
Педагогтар мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндерін көрсетті

 

Ұлы Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралар шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында «Тіл -достықтың құралы» атты конкурс өткізді. Сайысқа 14 тәрбиеші, ағылшын тілі, дене шынықтыру мұғалімдері, өзге ұлт өкілдері педагог-психологтар, қазақ тілі білгірлері қатысты. Мақсаты - мемлекеттік тілді оқып жүрген педагогтарды қолдау және ынталандыру, тіл мәртебесін арттыру.

Байқауда қатысушылар өздері туралы айтып, Абайдың өлеңдерін оқыды, сөздерін орыс тілінен қазақ тіліне аударды, «Менің отбасым», «Менің сүйікті жұмысым», «Менің хоббиім», «Туған жер - Қазақстан» тақырыптарына монолог құрастырды. Байқау қашықтық режімінде өтті, бірақ бұл қатысушылар үшін кедергі болған жоқ, олар поэзия мен тіл байқауына қатысудан позитивті, жігерлілік пен ынтаны алды.

Байқауға қатысушыларды Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тіл, әдебиет және журналистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Г. Е. Имамбаева, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері К. М. Рахымжанова, З. С. Әлибаева сынды білікті қазылар алқасы бағалады.

Байқауға қатысушыларды тіл, әдебиет және журналистика кафедрасының профессоры, Инновациялық Еуразия университетінің филология ғылымдарының докторы Г. Е. Имамбаева, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері Қ. М. Рахымжанова, З. С. Алибаева сияқты кәсіби қазылар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша 7 педагог жеңімпаз және жүлдегер атанды. Байқаудың бас жүлдесін Павлодар қаласының № 28 сәбилер бақшасының педагогі Земфира Фазильевна Гумбатова жеңіп алды.Ол қазақ тілін жетік меңгерген, байқауда Абайдың «Жастықтың оты жалындап...» өлеңін оқыды.І орынды № 30 сәбилер бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Ольга Юрьевна Альжанова алды. Ол прозамен әуестенеді, әсіресе Абайдың лирикалық шығармаларын жақсы көреді. Байқауда Абайдың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңін ортаға салып, Павлодар, оның көрікті жерлері, табиғаты туралы сүйіспеншілікпен және жылылықпен айтып берді.

ІІ орынды ағылшын тілі мұғалімдері Евгения Сергеевна Гребенникова (№ 24 балабақша), Наталья Петровна Драганова (№ 46 балабақша), ІІІ орынды № 53 балабақша тәрбиешілері Инна Васильевна Нагайченко, № 96 балабақша - «Радуга» гармониялық даму орталығының тәрбиешілері Лидия Сергеевна Алейникова, № 126 балабақша - эстетикалық даму орталығының тәрбиешілері Александра Анатольевна Иващенко иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталары табыс етіледі.