ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық байқауда 9 үздік педагог қала намысын қорғайтын болады
25-05-2020 10:57
Облыстық байқауда 9 үздік педагог қала намысын қорғайтын болады

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Үздік педагог - 2020» қалалық байқауының қорытынды кезеңін өткізді. Байқауға қаланың 26 білім беру ұйымдарынан 41 үміткер, оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің 26 педагогтары, мектепкедейінгі ұйымдардың 15 педагогтары қатысты. Байқаудың мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін, интеллектуалдық даму деңгейі жоғары, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген талантты педагогтарды қолдау. Байқаудың қазылар алқасы құрамында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері, үздік педагогтар, республикалық конкурстардың жеңімпаздары, кәсіподақ қоғамы, әдіскерлер, тәжірибелі педагогтар жұмыс істеді.

Байқау қорытындысы бойынша 9 жеңімпаз мен жүлдегерлер анықталды. Байқаудың бас жүлдесін № 21 ЖОМ тарих және география пәнінің мұғалімі Есмақаева Гүлмира Болатқызы иеленді. Ол республикалық педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы, республикада ұсынылған және таратылатын география бойынша тест жинағының авторы.

I орынды № 16 лицей-мектебінің химия және биология пәні мұғалімі, «Педагогикалық идеялар фестивалі - 2020» республикалық байқауының жеңімпазы Елена Леонидовна Чайковская алды.

II орынды № 37 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Қасымжанова Алия Егінбайқызы, № 126 балалар бақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тукенова Айман Айтмұхамедқызы, III орынды № 25 ЖОМ музыка пәнінің мұғалімі Асылбекова Назигүл Қырықбайқызы, № 11 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Садықов Рустам Талғатбекович, № 19 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Күзембаев Аян Сансызбайұлы, № 6 балабақша тәрбиешісі Жұмагожина Жанаргүл Нұрланқызы, № 16 лицей-мектебінің физика пәнінің мұғалімі Батаева Айжамал Сланбекқызы иеленді.

Байқаудың лауреаттары № 37 мектептің орыс тілі мұғалімі Сахимзадина Маржан Дайргалиевна, № 126 балабақшаның эстетика пәнінің мұғалімі Пятых Ирина Васильевна, экономика және құқық пәнінің мұғалімі, № 1 ЖОМ директоры Сыздықов Азамат Жанайдарұлы, Кенжекөл мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Күлжанов Ғамал Қайыргелдіұлы болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мамыр айында «Үздік педагог - 2020» байқауының облыстық кезеңіне қатысады.