ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп оқушыларының оқу жылы аяқталуда
26-05-2020 17:03
Мектеп оқушыларының оқу жылы аяқталуда

 

2020 жылы Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 1-11 сыныптардың 45332 оқушылары оқуын аяқтайды (2019 жылы - 41074, 2018 жылы - 39130), оның ішінде мемлекеттік тілде оқитындар - 15 мыңнан астам оқушы (2019 жылы - 13918, 2018 жылы - 13367). Жыл сайын контингенттің 5 - 9 % - ға өсуі байқалуда, мемлекеттік тілде білім алушылардың динамикасы тұрақты күйінде қалып отыр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2020 жылғы 17 сәуірдегі № 149) бұйрығына сәйкес барлық білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттау оқу жылының жылдық бағасы негізінде өткізіледі. Карантин жағдайында төртінші тоқсанда бір БЖБ (4 - 15 мамыр аралығында), тоқсанның соңында бір ТЖБ (18 - 22 мамыр аралығында) өткізілді. Оқу жылы ішінде қала мектептеріндегі білім сапасы 55% (2019 жылы - 55%, 2018 жылы - 54%) құрайды.

Қала мектептерінің 3435 оқушысы 9-сыныптың оқушылары (2019 жылы - 3147, 2018 жылы - 2932), 1150 оқушы 11-сыныптың оқушылары (2019 жылы - 1012, 2018 жылы - 1114) құрайды. Биылғы оқу жылында қала мектептерінде «Алтын белгі» аттестатын алуға 35 үміткер (2019 жылы - 30, 2018 жылы - 32), үздік аттестатты 30 оқушы алады (2019 жылы - 28, 2018 жылы - 24), 9 сыныптың 110 түлектері негізгі орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткер (2019 жылы - 123, 2018 жылы - 93). «Алтын белгіге» үміткер № 9, 11, 14, 19, 20, 21, 24, 25, 27, 28, 29, 34, 36, 37, 39, 40 мектеп оқушылары, үздік аттестатқа № 16, 20, 24, 25, 26, 33, 34, 35, 36, 37, 39, 40, Жетекші орта мектебінің оқушылары үміткер.

11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау 3 - 4 маусымда жалпы білім беретін мектептерде адамдар саны шектеулі ашық ауада, қонақтардың шақырылуынсыз және санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Қазіргі уақытта бітірушілердің ішінен ҰБТ-ны 987 оқушы немесе 86% тапсыруды жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға артық (2019 жылы-750 (74%), 2018 жылы-769 (69%). Қалған 163 түлек (14%) жақын және алыс шетелдердің оқу орындарына, Қазақстанның колледждеріне (44 (3,8%), 12 (1,0%) - алыс шет елдерге (Қытай - 1, Чехия - 8, Германия-2, Түркия - 1), 107 (9,3%) түлек Ресейдің ЖОО мен колледждеріне түсуді жоспарлап отыр. ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында 3 жоғары оқу орындарының базасында өткізу жоспарлануда, Жетекші, Кенжекөл, Павлодар, Ленин ауылдарының 44 мектеп бітірушілерін жеткізу мектептердің өздері жоспарлайды.