Бопышева Асель Абулкаировна,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Мәтін арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша және ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытылатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсында білімімді толықтырып, «Мәтін арқылы оқушылардың оқу сауаттылықтарын дамыту» тақырыбын зерттеуді жоспарладым. Өйткені, курста өзімнің біліміме қатысты көп ақпарат алдым, түрлі, қызықты, ұтымды әдіс – тәсілдерін меңгердім. Алған білімдерді, ақпараттарды тәжірибеде зерттеп, нәтижелерге жетуін көздедім.
Функционадық сауаттылық деп «адамның социуммен қарым-қатынасы жағдайында оқу және жазу дағдыларын пайдалану қабілеті, яғни бұл адамға сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға және онда барынша тез бейімделуге және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сауаттылық деңгейі» түсініледі.
Осыған байланысты, қазіргі заманғы қазақ тілін, атап айтқанда, қазақ тілін оқыту «Академиялық мақсаттарымен шектелмейді, ол күнделікті өмірмен және еңбек қызметімен байланысты функционалдық және операциялық мақсаттарды қамтуы тиіс». Сондықтан алғашқыда оқушылар түрлі тәсілдерді қолданып, мәтінмен жұмыс істеу барысында қиналды. Атап айтқанда сөздікпен жұмыс, сурет арқылы өз ойларын жеткізу, мәтінді жалғастыру және т.б.
PISA зерттеуінде Л.Рождественская, И.Логвина атап өткендей, оқу сауаттылығын дамыту келесі деңгейлерге бөлінеді:
1. Мәтіннен қарапайым өлшем бойынша қажетті ақпаратты іздеу (ең төменгі деңгей);
2. Мәтінде көптеген өлшемдер бойынша қажетті ақпараттарды іздеу;
3. Мәтінде қажетті ақпаратты іздеу, ақпарат үзінділерінің арасындағы байланысты тану, белгілі, бірақ қарама-қайшы ақпаратпен жұмыс істеу;
4. Терең жасырын ақпаратты қамтитын үзінділердің бірізділігін немесе комбинациясын іздеу және белгілеу, тапсырманы орындау үшін мәтіндегі қандай ақпарат қажет екендігі туралы қорытынды жасай білу;
5. Күрделі мәтіндерді түсіну және оларды түсіндіру, тұжырымдар мен мәтін мазмұнының гипотезалардын тұжырымдау.
«Мәтін арқылы оқушылардың оқу сауаттылықтарын дамыту» атты білімді жетілдіру тақырыбы бойынша 2017-2018 оқу жылында кеңінен төменде берілген келесі жұмыс түрлерін қарастырдым.
· Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
· Оқушылардың жеке жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарының іске асу жолдарын қарастыру;
Оқушылардың өздері оқу сауаттылықтарын дамытуға бағытталған тапсырмаларға қалай жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыс түрлері талқылау. Сабақта мәтіндік материалдарды дайындау кезінде осы үдерістерді қарастыра келе, оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып осындай тапсырмаларды өз бетінше түсініп, анықтай алатын жол таптым. Бұл ретте тапсырмалар оқушыларға тілдік материалдарды меңгеру деңгейіне байланысты саралаған түрде берілуі мүмкін.
Проблемалық тапсырмалар жүйесінде бір мәтінді және көп мәтінді проблемалық міндеттерді бөліп көрсетуге болады.
«Мәтін арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу, жұмыс нәтижесімнің оқулықтағы тақырыптар бойынша топтастырылып өткізілген ашық сабақтардың үлгілері қамтылған. Тәжірибенің негізгі жұмысы-жеке тұлғаны әртүрлі деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыту. Тәжірибе мазмұны жоғары сынып оқушыларының деңгейіне сай, оқушының оқу сауаттылық және коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытуға ықпалын тигізеді. Жұмыс барысында міндеттерді нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспар жазу көзделген. Тәжірибе барысында әр жеке тұлға нені түсінуі керек, нені есіне сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі қажеттігі анық берілген. Әр жеке тұлғаға оқу материалын қандай көлемде, қанша мөлшерде баяндау тиістігін, жетекші идеяларды дәлелддейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтай алған. Мұғалім сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алып, жаңа білім, дағдыны қалыптастыратын, жаңа материалды игеруде, деңгейлік тапсырмалар беруде, тиімді тәсілдерді таңдап ала білген. Жұмыстың барлық материалдары мемлекеттік стандарт талаптары мен бағдарламаға сәйкес болып табылады.
1. Жұмыстың өзектілігі
Егер оқушылар сөздерді жаттап, олардың мағынасын түсініп, өмірде пайдаланып, сол мәтіндерді оқу арқылы өздеріне сабақ алып, өз ойларын жеткізе алса, өз алдыма қойған мақсатыма жеткенімді білдіреді. Өз тарапымнаноқу бағдарламасына сүйеніп, оқу сауаттылығын дамытуға тапсырмалар әзірлеп оқушыларға ұсындым. Оқушылар сол тапсырмаларды орындау барысында мәтінді түсініп, мәтінмен жұмыстың әртүрлі тәсілдерін (синонимин тап; перефраза жаса; ПОПС формуласына сал; мәтіннің тақырыбы, идеясы, мәтінді ашатын тірек сөздерді тап; мәтін бойынша жоспар құр, т.б. тапсырмалары) нақты және анық орындай алады. Сонымен қатар оқушылардың тіл байлықтары дамып, қазақ тілі мен әдебиеті сабағына деген ұмтылыстары дамып, деңгейлік сапаларының артатынына көз жеткізуге болады. Қазіргі заман талабына сай, егер осы деңгейде жүйелі жұмыс істелсе, бақылау жұмыс түрлері яғни жиынтық бақылау жұмыстары мен тоқсандық бақылау жұмыстарында оқушылардың білім сапаларының артатынына көз жеткіземіз. Оқушылар тек бақылау жұмыстары ғана емес өмір тәжірибелеріне де қолдана алады.
2. Жұмыстың мақсаты мен міндеті
2.1 Жұмыстың мақсаты
Оқу дағдыларын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайын зерттеу , осы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жаттығуларды практикада әзірлеу және қолдану.
2.2 Жұмыстың міндеттері
· Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерттеу.
· Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асыру тетіктерін анықтау.
2.3 Тақырыптың жаңашылдығы: жаңартылған оқу бағдарламасының өзі бүгінгі таңда жалпы орта білім беру мектептері үшін тың болып саналады. Соған байланысты оқулықтардан басқа қосымша дереккөздерінен алынған оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар жиынағы жоқтың қасы. Өз тарапымнан жаңа оқу бағдарламасының мақсаттарына сүйене отыра оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар жинағын дайындау болып саналады.