ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 15 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 15 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 15:38
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 15 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 15 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

Смағұлова Зейнел Жантемірқызы,

қазақтілі мен әдебиетімұғалімі

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда ойын элементтерін ұтымды қолдану тәсілі

     Әрбір ұстаздың мақсаты-сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Оқушылардың шығармашылық және танымдық күш-жігерін белсендіруге бола ма? Осындай мәселелерді сабақ барысында танымдық ойындар арқылы шешуге әбден мүмкін. Меніңше, ойынға тоймаған кішкентай бастауыш сынып өреңдерінің танымдық белсенділіктерін дидактикалық ойындар арқылы арттыру – негізгі шарттардың бірі болып табылады. 

    Сондай технологияның бір түрі-ойын арқылы оқыту.

   Ерекше білім беру қажеттілігі сыныптарындасабақ бергендіктен балалардықазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады. 
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. 

     Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.

   Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,сабаққа ынтасын арттырады. 

   Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтады. 

    Жұмыстың мақсаты:баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды  өздігімен жұмыс істей білуге, тіл байлығын  арттыра түсуге түрлі дағды мен  шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.

   Ойын түрлерін қолдана отырып оқушылардың білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, жаңа білімді меңгерту. Танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейету. Өзіне деген сенімін арттыру, оқуға деген қызығушылығын, белсенділігін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, бір-бірін сыйлай біліп,қол ұшын беріп,көмектесуге үйрету.

    Жұмыстың міндеті:

 - ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи ойын технологияларын қолдана отырып, оқушыларды өмірге бейімдеу, алған білім-дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу;

- дамуындағы ауытқулардын алдын алып, біріккен түрде жұмыстану ;

- баланың коммуникативті және бейімделу дағдысын қалыптастыру;

      Ойын арқылы оқыту технологиясының мазмұны. Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 40 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі мен үшін туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.

      Өзектілігі: қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушының  даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп  ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сыныптар ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар.

Білім беруді қажет ететін балалардың саны артуда;                  

- 2016/1сыныптар саны- 3/              

- 2017ж/1сыныптар саны- 4/

- 2018ж./1-сыныптар саны -5

 - 2019ж./1-сыныптар саны -5

- МШБ-дың жеке қажеттіліктері басты назарды талап етеді.

     Мен өз тәжірибиемде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Сабақта Ғ.Қ.Резуанова., В.А.Шнайдердің«Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар» құралын пайдаланамын. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындарды қолданып оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне мүмкіндік беремін. Ойын кезінде оқушылардың достық сезімдері оянып, ұжымдық бірлігі нығаяды. Мысалы жарыс түрінде сыныпты екі топқа бөліп, тапсырманы бірінші болып жауап беруге тырысып, ұмтылып, қызығушылықтары ояна бастайды.

    Балалар шаршады-ау деген мезетте сергіту, бой жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындары балалардың сабақты зейін қойып тыңдауына, ақыл-ойын бір нәрсеге тұрақтандырып, саналы түрде білуге септігін тигізеді.

    Мысалы мен сабағымды бастамас бұрын «Сәлемдесу» ойынын өткіземін. Сонда балалардың көңіл күйлері көтеріліп, пәнге деген қызығушылықтары арта түседі. Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

     Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады.

     Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін де жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.