Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 28 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 28 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 15:53
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 28 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 28 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

Ысқақова Айнұр Олжабайқызы,

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

 «Қазақ тілі пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша тапсырмаларды саралап құрастыру»

«Дифференциация заданий по обновленному содержанию образования

по казахскому языку»

   Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.

   Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудьщ жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В. Давыдов, Л. Занков, Ш. Амонашвили, т.б. зерттеулерінде карастырылады. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл - ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

    Жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері қазіргі таңда өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде  осы оқытудың жаңа әдіс-тәсілі саралап оқыту  әр деңгейдегі оқушыларға, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға тапсырмаларды орындап, мақсаттарына жетуіне себін тигізе алатынына  көзім жетті.

   Жұмыстың өзектілігі:оқуда ерекше қажеттіліктері бар жəне қабілетті оқушылардың жеке мүмкіндіктерін мен жас ерекшеліктері ескеріліп, тапсырмалардың сараланып берілуінде. Жаңашылдығы: әр деңгейдегі оқушыларға білім деңгейіне сай сараланып берілген тапсырмаларды орындауына мүмкіншілігі туылғандылығында.

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері және сөйлеу нормасын сақтау арқылы жүзеге асырылады. Кешендегі тапсырмалар Блум таксономиясы негізінде жасалған. Оқу үдерісінде мәтінмен жұмыс жасау барысында мәтін алды, мәтін кезі, мәтіннен кейін жұмыстары жүргізіледі. Берілген  тапсырмалар сараланып құрастырылған. Әр тапсырмадан кейін критериалды бағалау өткізіледі. Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай   білу,   қажет жерде өз  көзқарасын  өзгерту  топ алдына шығып  өз тұжырымын айта білу  ойын қорғай  білу  қабілетін  дамытады. 

     Қазақ тілі  және әдебиетін   оқытудың  сапасын  арттыру  бүгінгі күннің басты мәселелерінің  болып есептеледі. Оқушының ойлау және сөйлеу  тілін дамыту мақсатында сараланған  тапсырмалар беру ұсынылады.  Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Сараланған тапсырмаларды  дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі  негізгі мақсаты: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шындау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.  Сараланған тапсырмалар бойынша оқушылар өзін өзі таниды, сезінеді. Оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Оқытушы да, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оқушыға сараланып жасалған  тапсырма беру дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне  сәйкес дайындалған жұмыстар беру арқылы дамыту.

     Саралап оқытуда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану өте ұтымды. Оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау қорытындыға келу, құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шеше білу, пікірталас жүргізе білу, басқалармен қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу, қажет жерде өз  көзқарасын өзгерту, топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады.  Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Автор орындығы», «Эссе», «Семантикалық карта», «Не білемін, не білдім», «Кубизм». Бала өз білім- қабілетіне қарамай өз шығармашылығын көрсете алады. Бұл стратегиялар баланың еркін терең жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.         

    Оқушының қабілеті, бейімділігі әр түрлі болғандықтан, олардың даму ерекшелігі де әрқалай болады.  Сол себептен оқушының жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, саралап оқыту әдісін қолданамын.  Сараланып берілген тапсырмаларды әр деңгейдегі оқушыларға тапсырмаларды орындап шығуына мүмкіндік туғызады. Әр оқушының өзіне деген сенімі артып, алға талпынатын болады.Сыныптарыма сабағымның тапсырмаларын саралап беру барысында, мынадай көрсеткіштерге қол жеткіздім.

Оқушыларымның нәтижесі:

     Түрлі қалалық, облыстық, халықаралық  сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 1) екі оқушым ғылыми жобалардың байқауы (қалалық кезең) әдебиет секциясы бойынша оқушыларым Мельникова Александра мен Джакпарова Дарина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2) «Рухани жаңғырту» бағдарламасы көлемінде «Менің Отаным-Қазақстан» ХVІІ-ші аймақтық  оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Зерттеу жымысы» аталымында   оқушыларым Мельникова Александра мен Джакпарова Дарина  мадақтама грамотасымен марапатталды. (2017-2018 оқу жылы). 3) екі оқушым ІІІ дәрежелі Дипломға- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Туған жер-тұғырың» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ие болды. Және де 4) (2018-2019)оқу жылында ғылыми жобалардың байқауы (қалалық кезең) әдебиет секциясы бойынша оқушыларым Полякова Александра мен Бекова Милана І дәрежелі дипломмен марапатталып,5) облыстық кезеңде ІІІ жүлделі орынға ие болды.