Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 19 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 19 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 16:13
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 19 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 19 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

Молдатай Айгүл Нұрланқызы, бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғысынан ойлауды дамыту жолдары.

           Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

  1. Жобаның өзектілігі:

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену ушін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелcіз Казакстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдін қатарында, терезесін тең ететін-білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңатехнологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтуде сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолданудың маңызы зор.

  1. Жобаның мақсаты

     2.1 Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының оқыту барысында сыни тұрғысынан ойлауды дамыту және тәрбиелеу үрдісі.

Зерттеу пәні: Тәрбие үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып білім берудің дамуытудың жолдары

Зерттеу болжамы:

Егер, бастауыш мектеп оқу-тәрбие үдерісінде сын тұрғысынан ойлау техналогиясын қолдану арқылы білім берудің қалыптасуы және дамуы жүйеленсе, онда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды одан әрі дамытуға мүмкіндік болады, өйткені сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып білім берудің болашағы болжанды, білімді, өз ойын еркін жеткізе алатын, ойы шыңдалған жеке тұлға қалыптастыруға өзіндік ықпалын тигізеді.

бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекетіне белсенді оқыту әдістерін

2.2 Зерттеу міндеттері:

 -бастауыш мектепте оқу – тәрбие үдерісінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдана отырып білім  беру  теориясының дамуын анықтау;

-оқушының өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;

- жекелей, жұппен, топпен жұмыс істеуге, өз білімінің нәтижесін бағалай білуге дағдыландыру;

Зерттеу әдістері: зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру – философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, СТО әдістерін қолдану.

  •  Жобаның мақсаттық тобы

Павлодар қалсының № 19 жалпы орта білім беру мектебінің 2 «ә» сыныбы.

  1. Жобалық шешім (Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері)

Осы технологияның мақсаты-оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де(толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту;

Сыни тұрғыдан ойлау  технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс – тәсілін, қыр – сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге және сабақ барысында ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан – жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Сабақта сын сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалану, балалардың  ұсыныс – пікірлерін дұрыс әрі еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімдерін

СТО технолгиясының негізі- сабақтың үшбағыттық құрылымында:

Ой шақыру;

Ойлау ;

Кері байланыс;

Ой шақыру тапсырмалары:

Өтілетін (оқытылатын) материал бойынша оқушылардың білімдерін жаңарту, не болмаса естеріне түсіру;

Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту;

Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру;

Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар;

Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау;

Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау;

  1. Зерттеудің негізгі кезеңдері
  2. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2018 жылдың 1 қыркүйек айынан- 2020 қаңтар айына дейін
  3. Жоба кезеңдері
  4. Дайындық (2018 жылдың 1 қыркүйек айынан)
  5. Қабілеттерін және қажеттіліктерін анықтау
  6. жұмыс бағдарламаларын әзірлеу

3.Негізгі (2018 жылдың 1 қыркүйек айынан 2019 жылдың 20 сәуіріне        дейін )

  • оқушылардың оқу бағдарламасының игеруі, талдау нәтижелері
  • жобаны қорғау
  • аймақтарға тарату үшін лицензия алу
  • Күтілетін нәтиже
  • Бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде жан – жақты қамтылған әдіс – тәсілдер мен сын тұрғысынан ойлау технологиясы балалардың ойлау мен өзін – өзі бағалау қасиетін қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.
  • Дағдыларын меңгеруі, жан-жақты дамуы 10% өсті.