ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ Б.МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМ. Б.МОМЫШҰЛЫ ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 16:10
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ  Б.МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМ. Б.МОМЫШҰЛЫ ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

Абдулина Динара Сапарбековна,

бастауыш сынып мұғалімі

Жаңартылған білім беру аясында 3 сыныптарда «Жаратылыстану» пәні бойынша мәнмәтіндік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

    Педагогикалық  жобаның өзектілігі: Бастауыш сыныптарда жаратылыстану пәнін оқытуда оқушының бойына мәнмәтіндік тапсырмаларды беру арқылы функционалдық сауаттылықты дамытуды педагог – ғалымдар мен алдыңғы қатарлы әдіскер -  мұғалімдер зерттеген. Дегенмен, бүгінгі күн талабына сай бұл тақырып әлі де өзекті болып саналады.

   Жобаның мақсатыЖаратылыстану пәнін оқытуда  ТРИЗ (теория решения изобретательских задач)   технология әдістері арқылы (ӨТШТ – өнер тапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) технологиясының әдісін қолдана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Жобаның міндеті:

·   ТРИЗ технологиясы арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын, ойлауы, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістерін қолдану

·   Жаратылыстану пәнінде қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеу

·    Мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайда қолдана алу қабілетін, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу қабілетін дамыту

      Қолдану:   Ұсынылған бағдарлама мектеп жасындағы балалармен практикалық жұмыста қолданылуы мүмкін.

ТРИЗ балаларға не береді?

    Балалар көп талқылайды, жаңа идеяларды ортаға салады, талқыланатын тақырыптың өрісі кеңейеді, өзлеріне сенімді болады. Көп қиялдап, ойлап тауып, шығармашыл болады. Білімін «фокус» тәжірибесі арқылы өндіреді.

    ТРИЗ ұялшақтықтан, тұйықтылықтан, жасқаншақтықтан арылтады; кішкентай адам өз көзқарасын сақтап қалу үшін қиын жағдаяттан түпкі шешімін дербес тауып шығуға үйренеді.

     ТРИЗ балалар үшін зерде мен қиялдың жаттығуы.

   Оқу әрекетін ұйымдастыруда балалар мен үлкеннің біріккен әрекетінде, баланың дербес әрекетінде, күн тәртібі барысында жүзеге асыруға болады.

      Балалық шақ – қарқынды сөйлеу қызметінің кезеңі сол себепті әр бір ТРИЗ бен оқу әрекеті – ұжымдық ойын, шын мәнінде, шығармашылық жұмыс, демек, өмірдің қуанышын қарқынды сезіну. Баланың қуанышы ауадай қажет, ол күш қуатты арттырып, шығармашылық қабілеттің толық ашылуына мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтиже:

·   Жас ұрпақтың ой – өрісі жоғарлайды

·  Оқушылардың функционалдық, тілдік, шығармашылық,  әлеуметтік, таным және  денсаулық құзіреттіліктерін артады

·  Тапқырлық тапсырмаларды шешу  теориясының негізгі түсініктерімен танысады

· Оқушыларпроблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйренеді