ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық білім беру ұйымдарындағы балалар мерекесі
01-06-2020 16:16
Қалалық білім беру ұйымдарындағы балалар мерекесі

Бірінші маусымда Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясы шеңберінде оқушылар үшін қашықтық режимде іс-шаралар өткізілді. Мақсаты - мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру және олардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне қоғамның назарын аудартуда күш жігерін біріктіру.

Бұл күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарда «Дені сау рух - дені сау ұлт» атты спорттық-музыкалық ойын сауық өтті. Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру. Мектепке дейінгі балалардың физикалық және моральдық-ерік қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдық, серіктестік, өзара көмек, шығармашылық ойлау сезімдерін тәрбиелеу. Аталған іс-шараға 6000 мыңнан астам бала қатысты. Мереке соңында балаларға жеміс-жидек себеті мен азық-түлік берілді.

Балалар көркемсурет мектебі «Менің қалам ең үздік!» тақырыбында қаланың көрікті жерлерінің үздік суретін түсіру бойынша байқау өткізді.  Балалар көркемсурет мектебінің 500 тәрбиеленушісі қатысты. Балалар музыка мектебі мен ұлттық жаңғыру мектебінің қатысуымен «Әлемге көтеріңкі көңіл күй сыйла!» атты концерттік бағдарлама ұсынылды (қашықтықтан). Аталған шара 2 маусымда жалғасатын болады.

«Сәтті болу құқығы» бағытында үздік оқушыларға (жас спортшылар, шығармашылықпен айналысатын балаларға) құрмет көрсету, үздік бейне бақылау байқауы, мақалалар, балалардың жетістіктері туралы сұхбаттар (әлеуметтік желілер, БАҚ) өткізілді. «Үздік фото» байқауы - «Бақытты балалар» фото-жобасы, «Мамино счастье» фотосессиясы өтті (10 маусымға дейін жалғасады). Қатысушылардың саны 10000 оқушыны құрады.

Акцияның белсенді қатысушылары ата-аналар, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, АП 162/2 мекемесінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, мектептердің қамқоршылық кеңестері болды. Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 200 балаға «Ризашылық» акциясы аясында қала кәсіпорындарымен сыйлықтар берілді, қаланың ауылдық аймақтарында жеке кәсіпкерлер тәтті сыйлықтар (балмұздақ) жасады.

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағытындағы іс-шаралар жоспары аясында» 29 мамыр күні балалар техникалық мектебінде үйірмелердің сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды.