«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 4 педагогі жүлделі орындарға ие болып, байқаудың республикалық кезеңіне қатысады. Байқаудың мақсаты - оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстар мен таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын жасайтын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
«Funnymath, 2 сынып» авторлық бағдарламасы үшін бастауыш сынып мұғалімдері Қадырбаева Гүлжахан Раиимқызы (№ 7 ЖОМ), «1 сынып оқушыларына арналған тіл дамыту курсының оқу құралы және жұмыс дәптері» - Нұрғалиева Замзамгүл Қабдылжалелқызыа (№ 28 ЖОМ) ІІ орынды иеленді. Гүлжахан Раиимқызы, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім, «Жыл мұғалімі - 2017» байқауының жеңімпазы, Замзамгүл Қабдылжалелқызы, «Жыл мұғалімі - 2019» қалалық байқауының жеңімпазы.
Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Баядилова Мейрамгүл Петровна «Ұлы дала елінің мифологиялық қырлары» факультативтік курсының бағдарламасы әдістемелік құралы үшін және № 111 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Абилова Сауле Баширқызы «Мектепке дейінгі жастағы балалардың Проппа карталарын қолдана отырып коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру (қосымша дамыту бағдарламасы)» әдістемелік құралы үшін ІІІ орынды иеленді.