ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Махамбет оқулары» байқауының бірінші орын иегері
03-06-2020 10:16
«Махамбет оқулары» байқауының бірінші орын иегері

2020 жылғы 18 мен 22 мамыр аралығында өткен ХІ облыстық «Махамбет оқулары» қашықтық байқауының қорытындысы бойынша Павлодар қ., жалпы орта білім беру мектептерінің екі оқушысы жүлделі орындарға ие болды.  Қаланың барлық мектептерінен облыстық байқауға Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын жетік білетін, поэзияны сүйетін,  мәнерлеп оқу және күй орындауда шеберлік танытқан жас ақындар қатарынан оқушылар қатысты.

     Оқулар қорытындысы бойынша   «Ұлы арман» (күй орындау) бағытында І дәрежелі дипломмен № 38 негізгі орта  білім  мектебінің 7 сынып оқушысы Рамазан Махамбет марапатталды. Оның орындауындағы Махамбеттің  «Жұмыр қылыш» күйі жоғары бағаланды. Махамбет  2020 жылғы мамырда өткен қалалық оқуда І орын иеленді, «Ақберен» (2019) байқауында ІІІ дәрежелі диплом иегері болды. Енді ол байқаудың республикалық кезеңіне дайындық жүргізуі керек.

  Сонымен қатар,  «Ұлы арман» (күй орындау) бағытында ІІІ дәрежелі  дипломды № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Айшегүл Тоқбатырова  иеленді. Айшегүл ақынның «Жұмыр қылыш» күйін орындады, ол - мамыр айында өткен байқауда І орын иегері. Ол домбырада ойнап, халық шығармашылығымен айналысқанды ұнатады.