ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің 1150 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды
03-06-2020 12:31
Қала мектептерінің 1150 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды

Соңғы қоңырау және аттестаттарды тапсыру күніне арналған «Birgemiz: Түлек - 2020» салтанатты іс-шарасы 2020 жылғы 3 маусымда Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінде өтті.

Соңғы қоңырау 1150 түлек үшін соғылды, оның ішінде 35 ерекше үлгідегі «Алтын Белгі» аттестатының иегерлері және 30 түлек үздік аттестатқа ие болды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Вirgemiz: Түлек – 2020» бітіру іс-шарасын өткізудің бірыңғай концепциясын әзірледі. Іс-шаралар мектеп аумағында ашық ауада өтті. Аталған шаралар карантин кезеңінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Мереке аясында қала мектептерінде «Пайдалы іс - өзіңе ырыс», «Туған елге тағзым», «Мейірімді істер күні», «Балаларға мейірімді жүректен», «Түлектер аллеясы» атты акциялар өткізілді. Қала мектептерінің түлектерімен 242 шырша, қарағай, қарағаш, катальпа, пирамидальді терек және бұталар отырғызылды. Мектеп түлектерінің ата-аналары «Жақсылық жаса» акциясына қатысты.