ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазіргі жағдайда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу
04-06-2020 09:23
Қазіргі жағдайда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру» атты аймақтық онлайн семинарға Павлодар қаласының Қ. Макпалееватындағы ЖОМ директоры Жанна Шарапиденқызы Байгозиновақатысты. Мақсаты - білім беру ұйымдарында тәрбие және оқыту жүйесі мазмұнының рухани-адамгершілік аспектісін күшейту бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

Жанна Шарапиденқызысеминарда «Ата-аналармен өз ара байланыс - «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол мектепте «Өзін-өзі тану «Адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Жобаның мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие жұмысында жағдай жасау болып табылады.Ынтымақтастық дағдыларын дамытуда, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда патриоттық акциялар, шығармашылық байқаулар, әлеуметтік жобалар, экологиялық акциялар, волонтерлік қозғалысқа қатысу, «Мектеп-ата-ана - оқушы» үш бұрышында жұмыс жүргізіледі. Бұл іс-шаралар оқушылар тұлғасының үйлесімді қалыптасуына ықпал етеді, ол махаббат, өзара түсіністік, мейірімділік, парасаттылық. Отбасы мен мектептің тығыз қарым-қатынасы нәтижесінде балалардың туған өлкесінің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы артып, олардың мәдени ой-өрісі кеңейіп келеді.

Мектепте педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін арттыру, оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік, эмоциялық және физикалық дамуына ықпал ететін білім беру процесін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалады. Мектепте өзін-өзі тану және ықпалдастыру бойынша ашық сабақтар, қалалық және облыстық семинарлар өткізу тәжірибесі бар. Семинар қорытындысы бойынша Жанна Шарапиденқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Алғыс хатымен марапатталды.