ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету
05-06-2020 10:18
Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету

Павлодар қаласының білім беру жүйесінің алдында тұрған басым бағыттардың бірі мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қалада 98 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 72 мемлекеттік балабақша, 8 жеке меншік мектепке дейінгі ұйым, 18 шағын орталық. Барлығы 19015 бала тәрбиеленуде, оның ішінде мектеп алды сыныптарында мектепке дейінгі біліммен 375 бала қамтылған.

Егер 2019 жылы бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 73,5% болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 74,2% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бір жастан үш жасқа дейінгі балаларды қамту екі есеге артты, ол 40,9% құрайды.

Бір жастан үш жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы аясында, Жаяу Мұса, 4 көшесіндегі ғимаратты қайта жаңарту бойынша «Вершина» ЖШС жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар, Лермонтов, 99 көшесіндегі балабақша ғимаратында «Заман Альянс» ЖШС жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталуда. Аталған нысандарды іске қосу қосымша 500-ге жуық орын ашуға мүмкіндік береді.

Екінші жыл «Индиго - балабақша» жүйесі табысты жұмыс істейді, ол ата-аналарға үйден шықпай-ақ балабақшадағы орынды алдын ала алуға мүмкіндік береді. 20 мамырдан бастап жаңа оқу жылына ерте орынды алу бойынша рәсімдеу басталды. Бір жастан бес жасқа дейінгі 5 мыңнан астам болашақ тәрбиеленушілер балабақшаға жолдама алады, оның ішінде бір жастан екі жасқа дейінгі балалар үшін 282-ге жуық орын, екі жастан үш жасқа дейінгі 3 мыңға жуық орын.

Балабақшаларды мемлекеттік тілде білім беруге көшіру бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Сонымен, қыркүйек айынан бастап № 32, 46, 93 балабақшалардың қызметі қазақ тіліне көшеді, бұл мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлты қазақ балаларға ана тілінде білім алуды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі білім туралы айта кететін болсақ, ата-аналар үшін балабақшада орын беру ғана емес, сонымен қатар білім беру ортасының сапасы, психологиялық жайлылық, баланың денсаулығын сақтау маңызды екенін атап өткен жөн.

         Карантиндік жағдайларға байланысты 12 мамырдан бастап балабақшалардың қызметі жаңартылды. 13 мамырдан бастап 76 балабақшада 227 топ жұмыс істеді, 1645 баланы немесе 9%, қазіргі уақытта 89 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 6238 баланы (34%) қамтитын 430 кезекші топ ашылды, олар таңғы 7-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Балалар балабақшаға педиатрдан анықтама болған жағдайда қабылданады. ЖРВИ алдын алу және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында білім беру бөлімі мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмыс алгоритмін әзірлеп, басшылардың назарына жеткізді.

         Ұйымдарда барлық қызметкерлер мен балалардың таңертеңгі фильтрін (дене температурасын өлшеу, денені тексеру, баланың өзін-өзі сезінуі) өткізуге бақылау күшейтілді, балаларды қабылдау медицина қызметкерінің кабинетінде 1,5 м қашықтықты сақтай отырып жүргізіледі, өз  кезектерін ата-аналар таза ауада күтеді.Дезинфекциялық іс-шараларды тиімді ұйымдастыру үшін толық жинау, желдету, кварцтау, ауыз су режимін қамтамасыз ету кестелері жасалып, бекітілді. ЖРВИ белгілері бар балалар анықталған жағдайда оқшаулағышта қосымша қорғаныс құралдары қарастырылған.Персонал мен келушілердің қолын өңдеу үшін нысанда қол жетімді жерлерде антисептигі бар диспенсерлер орнатылған. Ата-аналар, қызметкерлер арасында ЖРВИ және коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жандандырылды.