ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылар арасында шахматтан облыстық турнирдің финалистері
05-06-2020 11:44
Оқушылар арасында шахматтан облыстық турнирдің финалистері

18 жасқа дейінгі оқушылар арасында шахматтан облыстық блиц турнирінде 6 қатысушы көш бастап тұр, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінен 3 оқушы. Турнирдің 5-ші турының қорытындысы бойынша 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Төлегенов Амир, № 7 ЖОМ 3 сынып оқушысы, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Балмағамбетов Тимур, № 1 ЖОМ 8 сынып оқушысы, қыздар арасында № 36 ЖОМ 8 сынып оқушысы Алдабергенова Камилла көш бастап келеді.

Жарыс финалды қосқанмен 6 кезеңнен тұрады, www.chess.com атты ойын платформасында қашықтықт форматында өтті. Барлығы 125 қатысушы болды. Мақсаты - шахматты насихаттау және танымал ету, талантты балаларды қолдау. Жарыстың ұйымдастырушысы облыстық білім беру басқармасының аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығы болып табылады.