ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушыларының жазғы демалысы
23-06-2020 10:45

«Жаз - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтуда Павлодар қаласының білім беру бөлімі 22 маусымнан бастап 13 жобаны онлайн режимде іске қосты. Жобаларда қызығушылықтары бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалардың танымдық қабілеттерін кеңейту бойынша түрлі конкурстар, байқаулар, фестивальдар қарастырылған. Жобалармен қаланың 20 мыңнан астам оқушысын қамту жоспарлануда.

«Отбасы - хоббиі» видеороликтерінің жобасы отбасының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыруды көздейді. Байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің шығармашылық, белсенді отбасылары қатысады.

«Тәлімгер» жобасы волонтерлік жыл шеңберінде кең аудиторияға қаладағы ерікті қызметтің мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және оқушыларды әлеуметтік тәжірибеге тарту мақсатында өткізіледі.

«Google картасындағы Павлодар қаласы» жобасы оқушыларды туған өлкесімен тереңірек таныстыру мақсатында заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, оқыту құралдарын пайдалануды пуляризациялауды, акт-құзыреттілікті меңгерудің тұрақты дағдыларын игеруді және дамытуды көздейді.

«Ана үй» жобасы - қыздарға адамгершілік-рухани тәрбие беру мақсаты аясында Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы, психологиялық қызмет мамандарымен кездесу өткізілді.

«Музыкалық альманах» жобасын Павлодар қаласының балалар музыка мектебі іске қосады. Жобаның мақсаты - музыка әлеміне қызығушылықты тәрбиелеу, балаларды негізгі музыкалық терминдермен таныстыру, оқушылардың музыкалық аспаптар, олардың түрлері, топтары туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Семей қаласының музыка мектебімен бірлесіп «Абайдың музыкалық әлемі» жобасы жүзеге асырылады - ұлы Абай мұрасын насихаттау, оқушылардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру, дарынды орындаушыларды қолдау, педагогикалық тәжірибе алмасу.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі балалар көркемсурет мектебінің «Artlaife» жобасы экскурсиялар мен мастер-кластар арқылы балалар мен жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында іске қосылады.

«Шеберлер қаласы» жобасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар техникалық мектебімен қызығушылықтары бойынша бос уақытты ұйымдастыру үшін жағдай жасау жөнінде іске қосылады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Балалық шақ аралы» жобасы оқушыларды медиа шығармашылыққа тартуды, қойылған міндеттерді шешуде шығармашылық әлеуетін, ой-өрісін, байқағыштығын, эстетикалық талғамын дамытуды қарастырады.

Ұлттық жаңғыру мектебінің «ULYDALADAUYSY» жобасы музыкалық-дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау мақсатында іске қосылады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «DUCETLIFEHUB» жобасы экология, туризм,

өлкетану бойынша оқушылардың жеке тұлғасын дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдай жасау үшін іске қосылады. Қарағанды қаласының ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатымен бірлесе отырып, «Қаныш Сәтпаев атындағы «Ертіс - Қарағанды» арнасы бойынша - ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды балаларды қолдау» жобасы іске асырылатын болады.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығының «Зазеркалье онлайн - 2020» жобасы қосымша білім беру ұйымдары жүйесінің тәрбиелік әлеуетінің практикалық-бағытталған жазғы бағдарламаларын іске асыруды, балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыс пен сауықтыруды саналы түрде құруға тартуды, барлық деңгейдегі педагогикалық қызметкерлердің ведомствоаралық өзара іс-қимылын кеңейтуді көздейді.

Сондай-ақ, жазғы кезеңде жалпы білім беретін мектептердің 8 - 10 сынып оқушылары 1 шілдеден бастап қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру отрядтарында жұмыс істейтін болады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі