kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2807590
Бір айда159243
Бір аптада26427
Кеше5008
Тәулік24
Қайталама шикізаттан сәндік-қолданбалы шығармашылық
26-06-2020 18:47
Қайталама шикізаттан сәндік-қолданбалы шығармашылық

   Павлодар  қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығы «В зазеркалье  онлайн - 2020» жоба аясында 2020 жылғы 25 маусымда «Вторая жизнь старых вещей» қалалық онлайн конкурсын өткізді. Мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың  шығармашылық  қабілетін айқындау, дарынды балаларды  қолдау үшін жағдай жасау. Конкурсқа қаланың  25 жалпы білім беру мектептерінен 74  оқушы   қатысты.

 Конкурс шарты бойынша - эстетикалық рәсімделуі, күрделілік деңгейі,түпкі ойының түпнұсқасы,көркемдік мәнерлігі (композициялық  және түс шешімі),  конструктивтік шешімінің бірегейлігі, пайдаланылған  жарамсыз материал түрінің саны, жұмыс орындау кезінде шығармашылық тәсілдеме ескерілді. Кез-келген үйде пайдаланылмайтын заттар бар - босқұты, ескі журналдар, киімдер, тозған белбеулер, ол заттардан тағы пайдалануға болатын, пайдалы және әдемі заттар жасауға болады.

   № 17 ЖОМ 1 сынып оқушысы Штырбулов Елисей, түсті қарындаштан фото жиектеме жасады, өз қолымен жасалған заттар, олардың жай ғана орындалған және креативтік идеялары нәтижесінде, әрқашанда бірегей және ерекше деп белгіледі. № 9 гимназия-мектебінің 1 сынып оқушысы Оразали Рахат цилиндр формасында қатырма қағаздан, пластикалық қақпақтан, кендір жіптен өзінің мысығы үшін  тырнақ тазалайтын жасады. № 29 ЖОМ 4 сынып оқушысы Смагулова Дарина, гипс қоспасын, тоқыма бас киімін пайдаланып, гүлдерге құмыра дайындады. №39 ЖОМ оқушысы Гнускина Екатерина «Девушка, порхающая в танце «Фламенго» сәнді суретпен безендірілген тәрелкеден панно дайындады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.