Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас боксшылар қоржынына төрт медаль салынды
29-06-2020 10:25
Жас боксшылар қоржынына төрт медаль салынды

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері бокс бойынша спортшыларар асында жалпы денешынықтыру дайындығы жөніндегі ашық қалалық онлайн турнирге қатысты. Турнирдің ұйымдастырушысы Павлодар қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының «Сауран» клубының жас боксшылары 4 медаль жеңіп алды.

   Алтын медальға № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Шамшудинов Рахат және № 19 ЖОМ 7 сынып оқушысы Мұратов Ильяс ие болды. Рахат бокспен 9 жастан бастап айналысады, бірнешерет облыстық, республикалық және халықаралық бокс жарыстарының жүлдегері және жеңімпазы. Ілияс 9 жастан бастап бокспен айналысады, сенімді және мақсатты боксшы, бокстан облыс чемпионы.

   Күміс медальға №  5 ЖОМ 9 сынып оқушысы Әлібек Нұрғазинов және № 2 ЖОМ 5 сынып оқушысы Арлан Бутонтаев ие болды. Әлібек бокспен 7 жылдан астам айналысады, 2019 жылғы бокстан облыс чемпионы. Арлан 3 жыл бойы бокспен айналысады, бокс секциясына қызығушылықпен қатысады.

  Тәрбиеленушілерді «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогі Ертай Хайруллаұлы Жаменкенов, ҚазССР спорт шебері, бірінші санатты төреші жаттықтырады.