ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас орындаушылар 25 жүлделі орынға ие болды
30-06-2020 11:16
Жас орындаушылар 25 жүлделі орынға ие болды

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жаз - 2020» бағдарламасы шеңберінде Қ. Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде 2020 жылдың 18 - 20 маусымаралығында «ULҮ DALALAUҮSҮ - Голос великой степи» атты онлайн шығармашылық байқауы өткізілді. Мақсаты - патриоттық және мәдени тәрбие беру, балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау.№ 1, 2, 4, 9, 12, 14, 18, 20, 30, 34, 35, 40, 43, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, ұлттық жаңғыру мектебінің 6 - 15 жастағы 50 оқушысы қатысты.

   Қазылар алқасының құрамында жоғары санатты педагогтар М. Е. Ершова, С. Д. Аракелян (ұлттық жаңғыру мектебі), А. А. Павлова (№ 36 ЖОМ) жұмыс істеді. Байқау «Солистер», «Вокалдық және вокалдық-аспаптық ансамбльдер» номинациялары бойынша өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 25 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бас жүлде - 2, бірінші орын - 6, екінші орын - 6, үшінші орын - 11.

   «Солисттер» номинациясы бойынша бас жүлде «Мен қазақпын» әнін орындағаны үшін № 30 ЖОМ оқушысы Жұмабаева Анель, 9 жаста, «Алға» әнін орындағаны үшін № 9 ЖОМ оқушысы Қымбатов Тимур, 9 жаста, «Чайка» әнін орындағаны үшін № 34 ЖОМ 9 жастағыоқушысы Шмулько Валерия иеленді.

   II орынды Айратқызы Жанерке, 9 жаста (№ 1 ЖОМ), Шепилова Евгения, 10 жаста (№ 14 ЖОМ), Райзер Каролина, 9 жаста, Томск Дарья, 8 жаста (ұлттық жаңғыру мектебі), III орынды Шидербай Аңсар, 10 жаста (№ 1 ЖОМ), Минеева Эвелина, 7 жаста (Жетекші ЖОМ), 9 жастағы Шаким Жансая (№ 35 ЖОМ) иеленді.

   11 - 15 жас категориясында «Джаз әлемі» әнін орындағаны үшін ұлттық жаңғыру мектебінің оқушысы Головчук София гран-приге ие болды, № 2 ЖОМ 14 жастағы оқушысы Шет Алтынай, «Әлия» әнін орындағаны үшін, № 12 ЖОМ 11 жастағы оқушысы Қабдыкәрімова Надия, «Самға» әнін орындағаны үшін, 15 жастағы, № 20 лицей-мектебінің оқушысы Жұмабаева Айнұр «Бір ел-бір кітап» халық әнін орындағаны үшін, 13 жастағы, № 40 ЖОМ оқушысы Йеншке Лаура«Земля Казахстана» әнін орындағаны үшін I орынға ие болды.

   ІІІ орынды Каджимуханқызы Адина, 12 жаста (№ 1 ЖОМ), Қанат Айым, 11 жаста (№ 2 ЖОМ), Бондаренко Валерия, 13 жаста (№ 4 ЖОМ), Плитко Марина, 13 жаста (№ 43 ЖОМ), Сейтботал Баян, 15 жаста Трукенов Расул, 13 жаста (Жетекші ЖОМ), Байзоллаева Аружан, 11 жаста, Ахметов Мадияр, 14 жаста (Кенжекөл ЖОМ) иеленді.

   «Вокалдық ансамбльдер» номинациясында 6 - 10 жас санатында ІІ орынды № 18 ЖОМ «Веселые нотки» ансамблі, 11 - 15 жас санатында II орынды № 40 ЖОМ «Радуга» ансамблі иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталады.