ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың қызықты құмарлығы
03-07-2020 09:29
Оқушылардың қызықты құмарлығы

   Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «В зазеркалье онлайн - 2020» жоба аясында 2020 жылғы 1 шілдеде «Мое хобби» қалалық онлайн бейнеролик конкурс өткізді. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін белсендіру. Конкурсқа қаланың 25 жалпы білім беру мектептерінен 1 - 8 сыныптың 96 оқушысы қатысты. Конкурста оқушылар бәрінен де жақсы көретін, өздерінің әуестігі туралы  айтты. Бұл бір жағынан  жеңіл және күрделі тапсырма болды. Сүйікті ісі туралы жазу жеңіл, барлығын қысқа бейне материалға енгізу күрделірек. Қатысушылармен журналистика, көркемдік гимнастика, ермексаз және саздан мүсіндеу, жүзу, сурет салу, вокал, карате, футбол, әртүрлі аспаптарда ойнаумен шұғылдану туралы 93 бейнематериал ұсынылды.

   Конкурс қорытындысы бойынша 52 жүлделі орын, оның ішінде I орын екі оқушы, II орын - 22, III орын - 28 оқушы. I орынды № 2 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ислам және № 40 ЖОМ 4 сынып оқушысы Ордабаев Амир иеленді. Ислам 2 жыл журналистикамен шұғылданады. Ол М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Луч» шығармашылық бірлестігінің тележурналистика бойынша объектив пайдалану ережесі және негізгі бейне бойынша сабаққа қатысады. Болашақта өзін кәсіби тележүргізуші деп мойындайды. Өз бейнесінде Амир фигураларға әртүрлі түс беріп және газет пен құмнан мүсіндеумен қалай айналысатыны жөнінде бөлісті. Оның жұмыс жинақтамасына «Отбасы» мүсіні, безендірілген алауошақ, «Котики» суреті енгізілген. Өз жұмысын Амир бастауыш сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалардың қалалық  конкурсында таныстырды, мектеп көрмесінде және III дәрежелі дипломға иеленді.

   II орынға К. Макпалеев, № 16 лицей-мектебі (2), № 14, 17 (5), 27, 28, 29, 32, 35 (2), 39 (3), 40, 41, 43, Жетекші ЖОМ оқушылары ие болды. III орынды К. Макпалеев, Б. Момышұлы, № 9 гимназия-мектебі, № 5, 14 (3) ЖОМ, № 16, 20 лицей-мектебі, №17 (4), 21 (4), 26 (3), 27 (2), 28, 36, 37, 39, 43, Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді. Жеңімпаздар, жүлдегерлер мен қатысушылар қатысқаны үшін «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдары және сертификаттарымен марапатталады.